Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Осы жылдың жұлдызды камбектері

Өнер жолында бір жыл, тіпті, бірнеше жыл үзіліс жасап, қайта оралған отандық әншілер кімдер? Бірге шолу жасайық

17 августа 2023

Ninety One

Биылғы жылы біраз үнсіздіктен соң қайта оралған топтардың бірі Ninety One болды. Біз бұл жайында мына жерде жазған болатынбыз. Біраз уақыт үзіліс алған жігіттер JUZ Entertainment-тен кеткелі бір жылдан асып еді. Осы жазда BIZ атты жаңа әнмен және бейнебаянымен қайта оралды. Алайда, көп ұзамай, EAZGLZ-дың қуанышы су сепкендей басылды. Себебі топ алдағы қыстан кейін тараулары мүмкін екенін хабарлады.

Осы жылдың жұлдызды камбектері

Скриптонит

Әділ Жәлелов Қазақстанға оралғалы бір жылдан асты. Елге келгелі әншінің шығармашылығы қайта жандана түсті — ол отандық орындаушылармен бірге фиттер жасай бастады. Биылғы жыл Скриптонит үшін толыққанды камбек жылы деп атауға болады. Сәуірде жаңа альбомы, ал жақында ғана оның бейнебаяны жарық көрді. Айтпақшы, алдағы сенбіде Алматыда жеке концерті өтеді.

Осы жылдың жұлдызды камбектері

Ирина Кайратовна

«Ирина Кайратовна» ұжымының жігіттері бір жылдан астам үзіліс жасады. Қуаныш Бейсекеевпен жұмысты тоқтатты. Алдыңғы релизі, тіпті, 2022 жылдың 9-шы сәуірінде шыққан. Ал биыл топ «Adjare Gudju» альбомымен оралды. Бірден чарттар мен желілерді бағындырды. Айтпақшы, «Adjare Gudju» әніне түсірілген бейнебаян әлі жарыққа шыққан жоқ. Клиптің режиссері бұл жолы — Малик Зенгер. Режиссердің Ғалымжан Молданазардың «Көгершін» атты әніне түсірген бейнеклипі Cannes World Film Festival-да басты сыйлыққа ие болды. Режиссердің осы жаздағы тағы бір мақтанышы — ол әйгілі Black Eyed Peas тобына бейнеклип түсірді.

Осы жылдың жұлдызды камбектері

Ерболат Құдайберген

Осы жылдың жұлдызды камбектері

Ерболаттың жайы өз алдына бөлек. Себебі — стилі мүлдем бөлек аға буын өкілі. Өзінің сахнадан көрінбей кеткеніне бірнеше жыл болды. Осыдан он жыл бұрын хит әндердің авторларының бірі еді. Ал биылғы жазда Ерболат фестивальдерде өнер көрсете бастады, бірнеше кештерде хэдлайнер болды. Алайда, әзірге тек бұрынғы хит әндерін шырқады. Қазақстандық тыңдармандар, әрине, сүйікті әншісінің оралуын асыға күтті. Желіде, тіпті, өнерсүйер қауым аңыз деп лебіздерін жарыса білдіріп жатыр. Тек алда жаңа әндер бола ма, жоқ па, әзірге белгісіз.