Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

EAGLEZ үшін жақсы жаңалық: 91 тобы жаңа сингл шығарды

Алайда сингл бойынша түсірілген жаңа клип айтылған күні шықпады. Неге?

27 июня 2023

Ninety One тобының Biz деп аталатын жаңа синглы 20 маусым күні тыңдарманға жол тартты. Сингл бойынша түсірілген бейнебаян 26 маусым күні жарыққа шығады деп жоспарланған-ды. Алайда Q-pop әншілері техникалық ақауларға байланысты бейнебаянды жоспарланған күні көрсете алмағандарын айтып, тыңдармандарынан кешірім сұрады. Сонымен, клип көпшілікке бүгін ұсынылады деп күтілуде.

EAGLEZ үшін жақсы жаңалық: 91 тобы жаңа сингл шығарды
Источник:
әлеуметтік желі

BIZ деп аталатын сингл аясында түсірілген бейнеклип тұсаукесері алдында 91 әлеуметтік желіде екі тизерімен бөлісті. Әдеттен тыс ойлайтын шығармашыл жігіттер әдеттегідей стиль мен музыка әдемі үйлескен сапалы бейнероликтермен бөлісті.

Teaser #1
Источник:
әлеуметтік желі
Teaser #2
Источник:
әлеуметтік желі

91 авторлық ән мәтіндерінде әлеуметтік мәселелер мен саяси тақырыптарға қоса, ішкі толқу, түрлі өмір кезеңдеріне байланысты сезімдерімен бөліседі.

Жаңа сингл аясындағы әндерінде де олар өздерінің эмоцияларымен және өмірлеріндегі жаңа кезеңмен — ұзақ уақыттан кейін қайта оралумен байланысты сезімдерімен бөліседі.

Қазақстандық шоу-бизға Q-pop жанрын әкелген әнші жігіттер енді жаңа синглмен, жаңа әндермен #GAPTOUR-ға аттанады. Алғашқы концерттер, әрине, Астана мен Алматыда өтеді.

EAGLEZ үшін жақсы жаңалық: 91 тобы жаңа сингл шығарды
Источник:
әлеуметтік желі

BIZ басс пен электронды элементтердің, есте қаларлық мәтіннен тұрады.

Айтпақшы, ән — 7-ші шілдеде шығатын GAP альбомындағы синглдің релизі.

Тректі Apple Music, Spotify, Yandex Music және басқа платформаларда тыңдауға болады.