Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

91 тобы тарауы мүмкін

Q-pop бағытының негізін қалаған атышулы «Ninety one» тобы күтпеген мәлімдеме жасады

9 августа 2023

Осы жаздың алғашқы айында ғана жаңа синглмен қайта оралған q-pop жұлдыздары ел мүлдем күтпеген мәлімдеме жасады. Топтың тарау ықтималдылығы жайлы әнші жігіттер өздері желіде хабарлады.

Алғашында топтың белді мүшесі ZAQ-тың топтан кетуі мүмкіндігі туралы сыбыс естілген-ді. Алайда, одан кейін шығармашылық ұжым ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Кейінірек «Азия дауысы» фестиваліне ZAQ соло орындаушы ретінде қатысты.

91 тобы тарауы мүмкін

Ал осыдан бірер күн бұрын TikTok әлеуметтік желісінде жігіттердің оқырман сұрақтарына жауап беріп жатқан видеосы тарады. Музыкалық ұжым сұрақ-жауап барысында топтың болашаққа жоспарына тоқталды — жігіттер белгісіз мерзімге демалысқа кетпек.

«Біз қысқа дейін концерт береміз. Содан кейін белгісіз мерзімге, 1-2 немесе 3 жыл үзіліс жасауды жоспарлап отырмыз. Мүмкін, әрқайсымыз өз жолымызбен кететін шығармыз. Мүмкін, бағытымыз өзгерер. Біз қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді. Қайтып келсек те, бәрі бұрынғыдан өзгеше болуы мүмкін», — деді топ мүшесі AСE.

Бұл, әрине, топ жанкүйерлерін мұңайтты. Алайда, жастары 30-ды шамалаған жігіттердің өз жолдарымен кеткенін құптайтындар да табылды.

Топтың ықтимал тарауына шығармашылық кризиспен қатар, отбасылық ересек өмір де сеп болуы ғажап емес. Өткен жылы топтың екі мүшесі отбасын құрды — ZAQ пен ALEM. ALEM-нің жары — көпшілікке танымал блогер, модель Вероника Жанғалова.

Не болса да, q-pop негізін қалап, жастай аңызға айналып үлгерген топ мүшелеріне шығармашылық табыстар тілейміз!

Айда кетейік, топтың GAP атты турының аясында 25-тамыз Астанада және 1-қыркүйек Алматыда концерттері өтеді.