Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Бұл махаббат»: Raim мен Ерке Есмахан ата-ана болатынын хабарлады

Отандық шоу-бизнестегі ең танымал жұптардың бірі бұл жаңалықты алғашқы дуэтімен жеткізді

25 августа 2023

Шоу-бизнестегі ең көп талқыланатын жұптардың бірі — Raim мен Еркенің алғашқы дуэті жарық көрді. «Бұл махаббат» деп аталатын жаңа әнді әншілер бірден бейнеклипімен ұсынды. Жай ұсынып қоймай, тыңдармандарға тосынсый жасады — Ерке аяғы ауыр екенін бейнеклипте жеткізді.

«Бұл махаббат»: Raim мен Ерке Есмахан ата-ана болатынын хабарлады
Источник:
@erke_esmahan

Бейнебаян сюжеті жеңіл, екі жастың күнделікті өмірінің бір сәтін бейнелейді. Сюжет бойынша, түн ортасында студиядан шыққан Raim-ның аяғы ауыр келіншегіне донер іздегені шытырманға ұласады. Қысқа шытырман әзілмен жеткізіледі.

YouTube желісінде жарияланған бейнеклип алғашқы 20 сағат ішінде 700 мыңдай қаралым жинаған. Қос ғашықтың сүйіншісіне сүйсінген көпшілік жылы лебіздерін білдіруде.

Raim мен Ерке өткен қаңтар айында шаңырақ көтерген болатын.

«Бұл махаббат»: Raim мен Ерке Есмахан ата-ана болатынын хабарлады