Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Puerto-Rico» хитінің шығу тарихы қандай?

Әнші Kalifarniya жаңа әнді тыңдарман қабылдамайды деген уайым болғанын айтты

18 августа 2023

Kalifarniya атымен танымал жас әрі талантты әнші Фархат Қали — хит әндердің авторы. Оның соңғы шыққан «Puerto-Rico» әні трегі де бірден хитке айналды. Екі айдың ішінде тректің бейнебаяны 12 миллион қаралым жинаған. Ән қазақ тілінде болса да, Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия бойынша танымал.

«Puerto-Rico» хитінің шығу тарихы қандай?
Источник:
@kalifarniya

Алайда, жас орындаушы әрі автор Kalifarniya бұл туындысының хит боларына алғашында сенімсіздікпен қарағанын айтады. Оның үстіне, әнді шығармашылығындағы біраз үзілістен кейін жазса керек. Алдыңғы шыққан өлеңнің хитке айналмағаны тағы бар. Ол YouTube-тағы «Dope soz» жобасына берген сұхбатында әннің шығу тарихы жайлы былай деп баяндайды:

«Үзіліс уақытында шетелге шығу мүмкіндігі туды. Америкаға барып келдік. Қайтып елге келгенде ойда болды. Тағы бір трек ұсынатын уақыт болды-ау деп. Содан ойда дым жоқ бір үзіндісін салып көрейік ТикТок пен инстаграмға деп. Ұйқыдан тұрсақ кетіп жатыр екен».

Желілерде бірден хит болған әнін Фархат Америкадан қайтып келе жатып ұшақта жазған екен. Алайда, халық қабылдамай қала ма деген уайымның болғанын жасырмады.

Айтпақшы, жас жігіттің шаңырақ көтергеніне көп болған жоқ. Біз бұл туралы мына жерде жаздық.