Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Әнші Kalifarniya үйленді

Тағы бір көпшіліктің талқысына түскен той

10 июля 2023

Өткен аптада осы маусымның ең көп талқыға түскен жұлдызды жұбы — Әсел мен Мағжанның тойы жайлы жаздық. Блогерлер мен әртістер жиналған жиын әлі күнге дейін желілерде қызу талқылануда.

Артынша шаңырақ көтерген әнші Калифарнияның да тойы енді көптің назарында. Эстрада жұлдызының «Пуэрто-Рикодан келген аруы» — өзінің тобындағы биші қыз болып шықты. Жыл санап танымалдылығы артып келетін жас жігіттің таңдауын тыңдармандары тойдан көп талқылауда.

Әнші Kalifarniya үйленді | Источник: @kalifarniya
Источник:
@kalifarniya

Жас келіннің есімі — Әнел. Хореограф қыз Kalifarniya-ның бейнебаянына да түскен. Олар нақ той болғанға дейін өздерінің қарым-қатынасын жасырып келсе керек. Кейіннен әлеуметтік желілерде олардың бірге түскен видеолары көптеп тарай бастады.

Источник:
әлеуметтік желі

Екі жасқа бақыт тілейміз!

Источник: @kalifarniya
Источник:
@kalifarniya

Kalifarniya — «Puerto-Rico», «QAR», «Uaqyt» және де басқа хит әндердің авторы әрі орындаушысы. Шын есімі — Фархат Қалиев. Ол сұхбатында пицца жеткізушісі болып істегенін де айтып өткен еді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең танымал орындаушылардың бірі. Оның бейнебаяндары YouTube желісінде миллиондаған қаралымдар жинайды.

На информационном ресурсе применяются cookie-файлы. Оставаясь на сайте, вы подтверждаете свое согласие на их использование.