Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақ тіліне аударылған әлемдік кинохиттердің саны артады

Алдағы бірнеше жылда министрлік қазақ тіліндегі фильмдердің жалпы прокаттағы үлесін 30% — ға дейін жеткізуге ниетті

17 августа 2023

Бұл көрсеткіш шетелдік кассалық фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау есебінен де артуы тиіс, деп санайды мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Алдағы бірнеше жылда министрлік қазақ тіліндегі фильмдердің жалпы прокаттағы үлесін 30% — ға дейін жеткізуге ниетті. Бұл көрсеткіш шетелдік кассалық фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау есебінен де артуы тиіс, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақ тіліне аударылған әлемдік кинохиттердің саны артады

«Жыл басынан бері Қазақстанда бірнеше ірі кино премьералары өтті. Олардың кейбіреулері қазақ тілінде дубляждың болмауына байланысты көрермендердің көбі оларды тамашалай алмады. Мен пікірлерді бақыладым — адамдар біздің министрлікке сұрақтар қойды. Осыған байланысты көрермендер бұл тұрғыдағы сұрақтарын бізге, министрілкке бағыттайды. Біз бұл мәселені назарға алуымыз керек. Кассалық фильмдер аудиторияға қол жетімді болуы керек. Мысалы, өткен жылы министрлік қолдауымен көрермендер күткен 3 кинопремьереа қазақ тілінде дубляжбен өтті. Биылғы жылы біз Үкімет қаулысымен мәдениет саласын дамытудың 7 жылдық тұжырымдамасын әзірлеп, бекіттік. Енді біз жыл сайын кем дегенде 15 кинотуындысының тұсаукесерін қазақ дубляжымен прокатқа шығаруды өзімізге міндет етіп қойдық», — деді Асхат Оралов.

Айта кетейік, наурыз айында Мәдениет және спорт министрі мемлекеттік тілде дубляж жасау үшін фильмдерді іріктеу ережесін бекітті. Алдағы бірнеше жылда министрлік қазақ тіліндегі фильмдердің жалпы прокаттағы үлесін 30% - ға дейін жеткізуге ниетті. Бұл көрсеткіш кассалық шетелдік фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау есебінен де артуы тиіс.

Қазақ тіліне аударылған әлемдік кинохиттердің саны артады
Кадр из фильма «Барби»

«Тағы бір нәрсе: қазақ дубляжында шығатын картиналар көрермендер үшін қолайлы уақытта әрдайым көрсетіле бермейді. Олар маған бұл туралы әлеуметтік желілерде жазады. Мемлекеттік тілде фильм көргісі келетіндер көбінесе түнде киноға баруға мәжбүр. Бұл, әрине, дұрыс емес. Біз бұл жеке бизнес екенін түсінеміз. Дегенмен, менің ойымша, мемлекеттік тұрғыдан алғанда, біз бүкіл әлемде көріп отырған кино тұсаукесерлерін мемлекеттік тілде және ыңғайлы уақытта көрсетуге міндеттіміз. Сондықтан осы бағытта жеке кәсіпкерлермен және кинотеатр иелерімен жұмысты жандандыру қажет», — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.