Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақ киносының тарихында тағы бір сенсация!

Отандық кино Канн, Венеция және Берлинале сынды танымал фестивальдармен тепе-тең шарада әлем халқына ұсынылады

28 июля 2023

Жақында ғана қазақстандық режиссердің екі бірдей картинасы француз көрерменіне жол тартқанын жазып, сүйіншілеп ек. Одан кейін жаһанға танымал стримингтік компанияның «Темірлан» жайлы фильмінде біздің де актерлердің түсіп жатқанын тағы да жаршыладық. Міне, бүгін тағы да қуанышты жаңалықпен қуантуға асықпыз!

Асхат Кучинчирековтың жаңа шығармашылық белесі қазақстандық киноға тағы бір серпіліс әкелді! Оның «Бауырына сәлу» дебюттік фильмі Сан-Себастьянның беделді кинофестивалінің «жаңа режиссерлер» арнайы санатындағы бағдарламасына енді. Ол беделі Канн, Венеция және Берлинале сынды танымал фестивальдармен тепе-тең шараға қатысады. Басковтегі фестиваль 22-30 қыркүйек аралығында өтеді және қазақстандық кинематографтың «Бауырына салу» фильмі фестиваль фавориттерінің бірі болмақ.

Қазақ киносының тарихында тағы бір сенсация!
«Бауырына салу» фильмінен

Фильмнің сюжеті бізді Орталық Азия көшпенділері — «бауырына салу» ежелгі әдет-ғұрпын суреттейді, онда жас ата-ананың тұңғышы әжесінің тәрбиесіне беріледі. Бұл ерекше дәстүрдің артында жас актер Ерсұлтан Ерманов шебер ойнаған бір кішкентай кейіпкердің тарихы жатыр. Фильм жаңа өмірде өз орнын іздеуге мәжбүр болған бас кейіпкердің басынан өткендерін — «бөтен/туған» адамдар арасындағы күрделі тәжірибелерді, өзгерістерді және қарым-қатынастарды бейнелейді.

Қазақ киносының тарихында тағы бір сенсация!
«Бауырына салу» фильмінен

Бұл картинаның түсірілімі Асхат Кучинчиреков үшін нағыз шығармашылық сынақ болды. Режиссер өзінің дебютіне үш жылдан астам уақыт арнап, Алматы облысының күйген және Түйік ауылдарында түсірілім жүргізді. Ол отбасылық құндылықтар мен өмірден өз орнын табу туралы жеке тәжірибелер мен дана ойларға толы кинематографиялық шығарма жасады.

Қазақ киносының тарихында тағы бір сенсация!
«Бауырына салу» фильмінен

«Бауырына салу» фильмі Сан-Себастьян кинофестивалінде нағыз жаңалық болуға және көрермендерді өзінің ерекше атмосферасымен және терең мағынасымен таң қалдыруға уәде береді. Бұл — өнертанушы, актер және қазір талантты режиссер — Асхат Кучинчирековтың мансабындағы тағы бір маңызды қадам болады. Атаулы кинематографиялық шедеврді Marie Claire Kazakhstan да асыға күтеді.