Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Әнші Akha мен Айшаның тойы қалай өтті?

Көптен күтілген той, қысқа махаббат баяны

22 августа 2023

Akha атымен белгілі қазақстандық жас әнші Ахмет Өсербек шаңырақ көтерді. Әнші жігіт өзінің музасы — Айша есімді аруға үйленді. Айша 21 жаста, бүгінде танымал блогер.

Источник:
соцсети

Akha сүйіктісіне ұсынысты көктемде жасаған. Ал соңғы бір айдың ішінде екі жас неке қию, ұзату және үлкен тойларын қатарынан өткізді. Алдымен той күйеу жігіттің туған қаласы — Шымкентте, соңынан Алматыда достарының арасында өтті. Шаңырақ көтеру рәсімінің әдемі сәттерімен жас жұбайлардың өздері және жақындары Instagram парақшаларында бөлісуде.

Әнші Akha мен Айшаның тойы қалай өтті?
Источник:
соцсети

Тойдың қонақтары — Ахмет пен Айшаның жақындары, өнердегі достары, блогерлер.

+1

Лирикалық әуендерімен тыңдармандарын баурай білген жас орындаушы романтикалық қырымен де көпшіліктің ықыласына ие.

Әнші Akha мен Айшаның тойы қалай өтті?
Источник:
соцсети

Оның сүйіктісімен таныстығы желіден басталған. Алдымен Айша Ахметтің Instagram парақшасына жазылған, сұлу аруды әнші алғаш осылай байқаса керек. Кейіннен Ахметтің қыздың туған күнімен құттықтауы үлкен махаббат баянының бастамасына айналған.

Akha-ның шығармашылығы жастар арасында кеңінен танымал, оның «Какая ты красивая», «Принцесса», «Аиша» және «Insomnia» әндері көптеген тыңдаушылардың жүрегін жаулап үлгерді. Ол өзінің музыкасымен шабыттандырып қана қоймайды, сонымен қатар романтика мен шынайы сезімдер әрқашан өз жолын табатынын дәлелдейді.

Біз бұған дейін әнші Индира Еділбаеваның сүйіктісімен некесі қиылғаны туралы жаздық.