Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Шахматшы Динара Сәдуақасова олигарх Болат Өтемұратовтың келіні атанбақ

Жақында қазақстандықтар тағы бір жұлдызды шаңыраққа куә болады. Той қашан?

17 августа 2023

Тағы бір жұлдызды қалыңдық — қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова. Спортшы ару олигарх Болат Өтемұратовтың келіні атанбақ.

Динараның таңдауы — Өтемұратовтар отбасының кіші ұлы Әнуарға түсіп отыр. Әзірге белгілісі — той күзге жоспарланған.

Шахматшы Динара Сәдуақасова олигарх Болат Өтемұратовтың келіні атанбақ

Динара Сәдуақасова — 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы және Азия чемпионы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер. Жасы 26-да.

Ал 40 жастағы Әнуар Өтемұратов — «Alassio Capital» ФПИ Директорлар кеңесінің басшысы, «VOX POPULI» сайтының иесі. Алдындары Қазақстандағы Burger King мейрамханаларының жұмысына жетекшілік етті. Болат Өтемұратовтың өзі — қазір Қазақстан теннис федерациясының президенті.

Осы жылдың сәуір айында халықаралық гроссмейстер, Алматы мәслихатының депутаты Жансая Әбдімәлік «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Нұрахмет Әлиевке тұрмысқа шыққан болатын.

Шахматшы Динара Сәдуақасова олигарх Болат Өтемұратовтың келіні атанбақ

Осыған дейін біз әнші Индира Еділбаеваның тұрмыс құрғаны жайлы жаздық.