Әнші Айридың сахнада жүргеніне биыл 7 жыл толған. Соған қарамастан, әлі күнге әнші қыз жеке концертін бермеген. Бұл туралы және өзінің жеке өмірі жайлы Айри алғаш рет Динара Сәтжанға берген сұхбатындай айтып берді.
Айри әрдайым жанды дауыспен ән айтатын сирек әншілердің бірі екенін жасырмады. Айтуынша, бұл — күнкөріс көзі болғандықтан, адал еңбек ету керек.
Сонымен қатар, өзінің репертуарындағы әндердің көбісі лирикалық, мұңды сарында, өйткені олардың әрбірі өзінің жеке өмірімен тікелей қатысы бар екенін айтып өтті.
«Ажырасқан кезде алғаш рет от бастым. 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Некеміз тек бір жылға созылды. Біздің ажырасуымызға үлкен нәрсе себеп болды. Бұл — өмір, бірақ сол кезде мен үшін өте ауыр болды. Мұндай жағдай мені сындырып жіберді. Өз ұяңда ханшайымдай өсіп, осындай жағдаймен бетпе-бет келгенде, әрине, көтеру қиын. Менің күткенім — мені керемет өмір күтіп тұр деп ойладым. 19 жасымда баламды дүниеге әкелдім. Тез есейіп кеттім. Ажырасуыма себеп болған — ерекше баланың анасы атандым».
Әнші қыз ажырасуына да осы себеп болғанын атап өтті.
«9 айлығында балалардағы церебералды паралич (ДЦП) деген диагноз қойылды. 19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты. Жас анаға күйеуінің қолдауы ауадай қажет», — деді Айри.
Сонымен қатар, өнер иесі өзінің ата-анасымен бірге бұрынғы ата-енесі түсіністік танытып, қолдау көрсеткенін айтып өтті.
Сұхбаттан кейін әншінің жанкүйерлері оған қолдауларын, ықыласын білдіріп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
Орындаушының реперутарында арасында «Ойладың ба?», «Мұңайтпа енді», «Кешір мені» атты әндері бар.