Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Жаңа есім: теннисші Аружан Сағандықкова әлемдік рейтингте 87 орынға көтерілді

Осыдан бірер ай бұрын жас теннисші алғашқы мыңдыққа іліккен болатын

23 августа 2023

18 жастағы қазақстандық теннисші теннисші Аружан Сағандықова әйелдер арасынан әлемдік рейтингіде мыңдықтан бірден 87 орынға жоғарылады. Мұндай қуанышты жаңалықпен Қазақстан теннис федерациясы бөлісті.

Жаңа есім: теннисші Аружан Сағандықкова әлемдік рейтингте 87 орынға көтерілді
Источник:
әлеуметтік желілер

WTA — әйелдер теннисі қауымдастығы спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Биылғы жылдың маусым айында Аружан 1162 орынға тұрақтаған болатын. Ал 15 тамызда жас теннисші арудың мыңдыққа қосылғанын отандық БАҚ жарыса жазды. Күні кеше отандасымыз мыңдықтан бірден 87-ші сатыға көтерілген.

Жаңа есім: теннисші Аружан Сағандықкова әлемдік рейтингте 87 орынға көтерілді
Источник:
әлеуметтік желілер

Team Kazakhstan академиясының шәкірті Аружан өткен жылы ITF World Tennis Tour W15 сериялы турнирының жұптық сынында жеңіске жеткен болатын. Түркияның Анталья қаласында өткен турнирда ол қытайлық теннисші Ю-Юнлимен мен бірге ресейлік теннисшілерді жеңді. Аружан Сағандықова үшін бұл — ересектерге арналған турнирдегі алғашқы жеңісі.

Сондай-ақ, WTA рейтингінде Қазақстанның алғашқы ракеткасы — Елена Рыбакина 4-ші позицияда қалды. Ал Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында, Жібек Құламбаева 178-орында тұр.