Қазақстандық театр және кино актері Аян Өтепберген жанкүйерлерімен қуанышты жаңалықпен бөлісті. Ол жақында өзінің сүйіктісімен отау көтеретінін жариялады.
Бұл туралы ол жас көрерменнің музыкалық театрында «Қоштасқым келмейді» қойылымының тұсаукесерінен кейін айтты.
Режиссер Асхат Маемиров мерекенің бірнеше күннен кейін жоспарланғанын атап өтіп, қосымша мәліметтермен бөлісті.
Зал, әрине, бұл қуанышты жаңалықты қошеметпен қарсы алды, ал әлеуметтік желі қолданушылары Аянға құттықтауларын жаудыруда.
Бірақ әзірге актердың өзі қалыңдығының атын атауға асықпайды. Осыған дейін әлеуметтік желілерде оның өз стилисі — Аружан есімді орамалды қызбен көңіл жарастырғаны жайлы роликтер тараған болатын. Екеуінің арасы — 9 жас.
Қалай болғанда да, Аян Өтепбергенді редакция атынан құттықтаймыз!