Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Әнші Yenlik салтқа сай ұзатылды. Күйеу жігіт кім?

«Қарапайым қазақ қызы»: Рэпер қыздың қарапайым образына желі қолданушылары сүйсінуде

4 октября 2023

Жас рэп орындаушысы Еңлік қазақтың салтына сай ұзатылды. Әншінің ұзатылу тойының суреттерімен желіде жұлдызды қонақтар бөлісіп, көпшілікті сүйсінтті. Қалыңдық ұлттық нақыштағы көйлекті таңдаған. Тек қазақ тілінде ән шырқайтын Еңліктің ұзатылу рәсімі де толықтай қазақ тілінде өтсе керек. Осы жылдың шілде айында Forbes-тың «30 under 30» тізіміне енген жас орындаушының қарапайымдылығына, қазақилығына тыңдармандары таңданып, ерекше ықыласын білдіруде.

Күйеу жігіт — Еңлік Құрарбектің әріптесі, Таңатар Орынбаев есімді жас фотограф, оператор әрі қоюшы жігіт. Instagram желісінде @tancreat нигымен тіркелген. Mona Songz, Shiza, dudeontheguitar секілді орындаушылардың бейнеклиптерін түсірсе керек. Желідегі суреттерден Еңлікпен таныстығы бір жылдан асатыны байқалады.