Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Ұйқы режимін сақтамайтын болсаңыз, мынаны оқыңыз

Уақытылы жату ішектің жұмысына тікелей әсер етеді. Қалай? Британдық ғалымдар баяндайды. Оған қоса, ұйқыны реттеу арқылы бірқатар аурулардан айығудың жолын меңзейді

3 августа 2023

Біз осыған дейін ұйықтай алмасаңыз, не істеу керектігі туралы жаздық. Бұл мақалада күнделікті бір уақытта жату туралы тарқатамыз.

Ұйқы — денсаулықтың негізгі факторы, сондықтан жұмыс күндері мен демалыс күндеріндегі ұйқы режиміндегі байқаусыз айырмашылықтар ішектегі бактерияларға теріс әсер етуі мүмкін, дейді зерттеу. Лондондағы Кингс колледжінің ғалымдары ұйқы режимін сақтамауды — әлеуметтік джетлаг деп келтіреді. Және режимнің болмауы адамның дұрыс тамақтанбауына себеп болатынын айтады. Нәтижесінде, ішкі ағзалар жұмысы бұзылады.

Ұйқы режимін сақтамайтын болсаңыз, мынаны оқыңыз
Источник:
Unsplash

Ұйқы бұзылуының ұзақ мерзімге созылуы, әсіресе, ауысымдық жұмыс кезінде денсаулыққа теріс әсер ететіні белгілі. Дегенмен, тұрақты ұйықтау және ояну уақыттарын сақтау, сондай-ақ дұрыс тамақтану ауру қаупін азайтуға қауқарлы.

1000-ға жуық ересектерге жүргізілген зерттеуде ғалымдар апта бойғы ұйқының ортасындағы, тіпті,  90 минуттық айырмашылық адамның ішегінде кездесетін бактериялардың түрлеріне әсер ететінін анықтаған.

Ұйқы режимін сақтамайтын болсаңыз, мынаны оқыңыз
Источник:
Unsplash

Ас қорытуға келер болсақ, ағзада бактерия түрлерінің сан алуан болуы өте маңызды. Кейбір бактериялар басқаларына қарағанда жақсырақ болуы мүмкін, бірақ бактериялардың дұрыс комбинациясы бірнеше аурулардың алдын алу үшін маңыздырақ.

Зерттеу көрсеткендей, «әлеуметтік джетлаг сіздің денсаулығыңызға кері әсер ететін микробтардың көбеюіне ықпал етуі мүмкін», — дейді Кейт Бермингем, зерттеу авторы және Zoe денсаулық ғылымдары компаниясының аға ғылыми қызметкері.

Әлеуметтік джетлаг демалыс күндерімен салыстырғанда, бір апта ішінде ұйықтау және ояну уақыты айтарлықтай ерекшеленетінін білдіреді. Және жасөспірімдер мен жастар арасында жиі кездеседі. Еуропалық тамақтану журналында жарияланған осы зерттеуге қатысушылар ұйқы мен қан анализін, нәжіс үлгілерін тапсырған және тамақтану сауалнамасын толтырған.

Ұйқы режимін сақтамайтын болсаңыз, мынаны оқыңыз
Источник:
Unsplash

Әлеуметтік джетлагы барлар (16%) - картопқа бай тағамдарды, соның ішінде чиптер мен картоптарды, сондай-ақ қантты сусындарды көп, жемістер мен жаңғақтарды аз тұтынатындар. Алдыңғы зерттеулер әлеуметтік джетлагы бар адамдар ұйқының тұрақты режиміне қарағанда, пайдасы мол талшықты аз тұтынатынын көрсетті. Басқа зерттеулер әлеуметтік джетлагты салмақ қосумен, аурумен және шаршаумен байланыстырады. Ғалымдар қабыну мен инсульт қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін анықтады.

Ішектегі ұйқы, тамақтану және бактериялар арасындағы байланыс күрделі және зерттелуі тиіс тұстары көп.  Басты кеңес — ұйқы режимін бір апта бойы тұрақты болуға тырысу.

Ұйқы режимін сақтамайтын болсаңыз, мынаны оқыңыз
Источник:
Unsplash

Лондондағы Кинг колледжінің докторы Сара Берри: «тұрақты ұйқы режимін сақтау — бұл сіздің денсаулығыңызға ішек микробиомасы арқылы оң әсер ететін қарапайым өмір салты», — дейді.

Сөз соңында дұрыа тамақтану дегеніміз не, осыған тоқталып өтейік.

Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) сайтында былай деп ұсынылабы:

  1. Күн сайын әр түрлі жемістер мен көкөністердің кем дегенде бес порциясы.

  2. Негізгі тағамдар картоп, нан, күріш немесе макарон сияқты талшыққа бай тағамдарға негізделген.

  3. Диетаға сүт өнімдерін немесе олардың алмастырғыштарын қосып, мүмкіндігінше аз майлы немесе аз тәтті нұсқаларды таңдау.

  4. Диетаға бұршақ, балық, жұмыртқа, ет және басқа ақуыз көздерін қосу.

  5. Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу (күніне кемінде алты-сегіз стакан).