Эстраданың жарық жұлдызы — Динара Сұлтан үшінші альбомының тұсауын кесті. Жаңа альбом «Тыңда» деп аталады — бұл ән жинаққа кірген жаңа әннің атауы болса керек.
«Тыңда» — Динараның шығармашылығындағы үшінші альбомы. Ерекшелігі — толықтай акустикалық, жанды дауыста жазылған алғашқы альбомы. Әрбір аспап тікелей эфирде жазылған, мұндай жазбаны әдетте Британдық Abbey Road дыбыс жазу студиялары қолданады.
Әншінің жаңа ән жинағының тұсаукесеріне өнердегі достарымен қатар, тыңдармандары да қатысты. Динара Сұлтан жанды дауыста кеш бойы альбомға кірген жаңа өлеңдерімен қатар, көпшілік сүйіп тыңдайтын ескі әндерін де орындады.
Таспа толықтай SEN деп аталатын инновациялық кәсіби музыка және дыбыс жазу студиясында жазылған. Қазіргі таңда Spotify және Apple Music-те тыңдауға болады.
Динараның «Аңсағаным» деп аталатын әншінің алғашқы альбомы 2011 жылы жарық көрген болатын. Ал екінші альбом — #8 — 2017 жылы көпшілікке ұсынылды.
Әнші жаңа әндер жинағын этникалық мәдениетке арналған «SABANTOI» аясында ұйымдастырған. Әншілікпен қатар, көпбалалы ана бизнесті де қатар алып жүр: бірнеше жылдан бері этно-мәдениетті насихаттау мақсатында ETHNO POP-UP STORE жобасын қолға алған. Биыл үшінші жыл қатарынан өткізілген шарада 70-тен астам этникалық брендтер өз өнімдерін қонақтарға ұсына алды.