Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Тәуекел Мүсілім біржола Стамбулға көшпекші

Қазақстандық актерды әйгілі «Kara sevda» телехикаясының жұлдыздары шақырған

10 октября 2023

Отандық актер Тәуекел Мүсілім Түркияға көшетінін айтты. Мұндағы мақсат — шығармашылығын шыңдау, жаңа белеске бет бұру. Бұл жоспары туралы актер НТК арнасындағы Revue бағдарламасында бөліскен.

Тәуекел Мүсілім біржола Стамбулға көшпекші
Источник:

әлеуметтік желілер

Жақында ғана Алматыны шулатқан айтулы оқиғалардың бірі — әйгілі түрік актеры Бурак Өзчивиттің келуі болды. Алматылық жанкүйерлердің атаулы жұлдызбен кездесу шарасын Тәуекел Мүсілім тізгіндеген болатын. Шарадан кейін қазақстандық кино актеры Бурак Өзчивиттен шақырту алғанын хабарлады.

Тәуекел Мүсілім біржола Стамбулға көшпекші
Источник:

әлеуметтік желілер

Жоғарыда айтылғандай, бұл — Тәуекел үшін мансабындағы жаңа белес болмақ. Ол әзірге Стамбулдан пәтер сатып алғанымен бөлісті. Айтуынша, құрылыстың аяқталуын күтіп жүр — көшуді жылдың аяғына жоспарлаған. Жаңа елде dizi кастингтеріне қатысып, бағын сынап көрмек.

Осыған дейін Тәуекел тағы бір түрік телехикаяларының жұлдызы — Каан Уанжиоглудан шақырту алған болатын. Бұл шешімінде оған да арқа сүйейтінін де айтады.

«Ең бастысы, егер актерлік шеберлік болса, онда түрік болсаң да, қазақ болсаң да, сәттілік сенің жағыңда болады деп ойлаймын», — дейді ол. Актер болашақта Бурак Өзчивитпен бір киноға түсуді армандайтынын алға тартады.