«Жолға немен аттанатының маңызды емес, маңыздысы — кіммен» деген ұранмен 2GIS навигаторында әншілердің дауыстары пайда болды.
Енді Ирина Кайратовна мен Dequine-ді автокөлікпен, велосипедпен, самокатпен сапарға шығуға немесе жаяу серуендеуге өзіңізбен бірге алып жүре аласыз: танымал қазақстандық әртістер маршрут бойынша бағыттап, әрбір жүргізушіге онлайн серік болады.
Навигатордағы дыбыстау музыкант әрі ойын-сауық контентінің авторлары — Ирина Кайратовнаның өздеріне тән әзілдермен келтірілген. Жігіттер жол туралы барлық маңызды ақпаратпен бөлісе отырып, нұсқауларға кекесін сөздерді қосып отырады.
«Батарея заряды төмен. Мылжың нәрселерді қарауды доғар. Біздің клиптерді қара!»
«Келдік, бауырым! Күн сайын осылай жүр — сүйтіп көлікке ақша жинай аласың»
«Ерікті адам екенсің, базар жоқ! Маршрут қайта құрастырылды»
«А, жоқ, ерікті емес болып шықтың. Маршрутқа қайтып оралдың»
«Әрине, біз өзімізге ерік беріп, арасында әзіл-қалжыңдарды қостық. Бізге тым шектен шыққандары кесіліп тасталынады деп уәде берді, бірақ бізде оны тексеруге уақыт болмады. Сондықтан біздің дауыстарымызды тыңдаңыздар, бірдеңе тапқан жағдайда бізге жазыңыздар. Бірге ұялайық немесе көңіл-күйімізді көтеріп алайық», — дейді топ мүшесі Алдияр Жапарханов.
Сондай-ақ навигаторда әнші Dequine-нің даусы пайда болды. Ол өзінің ана тілін жетік білмегенімен, қазір белсенді меңгеруге кіріскенін айтады.
«2GIS-ті Қазақстанда 10 миллионнан астам адам пайдаланады, мұндай үлкен аудиторияға шығу — өте толқындырарлық жағдай. Өз ана тілімде шығу одан да қатты қобалжытады, себебі қазақ тілін әлі жетік меңгерген жоқпын, бірақ мен дыбыстауға бар махаббатымды салдым», — дейді Dequine.