Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Светлана Лободамен сұхбат

Махаббаттан музыкаға дейін — бір әңгіме

11 июня 2024

LOBODA жобасы 20 жылдығын тойлатуда! Әлемдік өлшем бойынша — талапшыл және аяусыз музыкалық конвейр үшін көрнекі сан. Және Қазақстан үшін бұл Светлана Лободаның әлемдік турнесінде еркеше орын бөлінген — жалпы алғанда екі жыл бойғы кестеде төрт үлкен концерт. «Осындай тартылыс күші…» Астанада және Алматыда солд-аут, және концерттерден кейін екі тәулікке қарылған жанкүйерлер және әншінің өзі. Оңтүстік астанадағы ән салуы алдында бірнеше сағат бұрын Marie Claire Kazakhstan редакторы Светлана Лободамен кездесіп, растайды: барлық адамдар адам сияқты, ал ол — супер жұлдыз.

MARIE CLAIRE KZ Концерт алдында сіз өзіңізді әдетте қалай сезінесіз? Әлі де жеңіл мандраж, толқуды сезесіз бе? Әлде бұл күнделікті іс сияқты ма?

LOBODA Менде жақсы, көңілді көңіл-күй. Ешқандай жүйкелер жоқ. Бұл жұмыс. Мен баяғыдан қайда екенімді және әрі қарай не істеу қажеттігін жақсы түсінемін. Сол себепті мандражды мен баяғыдан бері сезінбеймін. Мен өзімді менің концертім — бұл мереке деп бағыттаймын. Және де мен адамдарға максимум позитивті энергия беруім керек.

Сіздің күнделікті райдеріңізге не кіреді? Гримеркада, сахнаның артында не болуы қажет?

Шын айтсам, білмеймін. Мен тек концерттің техникалық құрамдасына ғана талапшылмын. Свет, дыбыс — барлығы мінсіз болуы керек. Қалғанында, менде ерекеше бір талаптар жоқ.

Сіз өзіңізді Қазақстанда кішкене «өзіміздікі» деп сезінесіз бе?

«Өзіміздікі» деп емес… Бірақ мені бұл жақта қатты жақсы көретінін сеземін. Бұл махаббат екі жақты екені сөзсіз.

Светлана Лободамен сұхбат

Сіз өзіңіздің трек-парақшаңызды Қазақстанға қалай бейімдейсіз? Бұл жақта қандай әндер ең жақсы танымал?

Иә, мен әрдайым бағдарламаны осы немесе басқа ел үшін бейімдеймін. Дәл осы жақта қандай ән шырқау керектігін сеземін. Қазақстандағы қыздар «Революция» және «40 градусов» әндеріне өте жақсы әсер етеді. Сондай-ақ, «Superstar» және «Твои глаза» — бұл әндерді барлығы жақсы көреді. «Случайная» да бұл жақта барлығына ұнайды. Себебі оның лирикасы билейтін де, миорлық та болғандықтан болар. Жалпы, Қазақстанда адамдар өте ашық. Мені әрқашан өте қатты қарсы алады, тіпті концерттерден кейін қарлығып қаламын — жанкүйерлер залда ән айтқандарын естимін де, оларға одан бете қатты берілемін. Сахнадан әрдайым шаршап, бірақ өте бақытты болып шығамын.

Сіз өз әндеріңізден шаршап, кейбір уақытқа оларды орындауды тоқтататындай болады ма?

Иә, сіз оны дұрыс байқадыңыз. Кейде сен кейбір әндер өте көп уақыт бойы сенімен өмір сүріп жатқанын түсінесін, және сен олардан демалғын келеді, уақытша ұмытқын келеді. Сол үшін мен кейбір композицияларды бір-екі жылға жылжытып қоямын, ал сосын оларды репертуарға қайта аламын. Мысалы, «Революциямен» тура солай болды. Мен одан қатты шаршадым және бір жыл бойы орындаған жоқпын. Бірақ жанкүйерлер сұрай бастады: «Өтінеміз? Сіз неге оны бұдан былай орындамай жүрсіз?». Енді дәл сол әннен өзімнің клнцертімді бастаймын.

Және керісінше: қандай 2-3 композицияларыңызды әрдайым айтқыңыз келеді?

Негізінен, ол әрдайым жаңа әндер. Сен бір нәрсе жаңа жасағанда, ол әртіс үшін әрқашан қызығырақ. Плюс, сен әнді сахнада жақсы сезіну керексін — қойылымы бойынша, қозғалысы бойынша. Менде перформанс тек вокалда ғана емес, хореографияда да құрастырылған. Сондықтан біз командамызбен әрқашан тақырып бойынша қандай да бір жаңа интерпретациялар іздейміз.

Өзіңізбен бірге әдетте қанша сахналық образдар алып келесіз?

Екі-үш. Егер ол үлкен жеке концерт болса, онда көбірек.

Қазір сіздің сахналық киімдеріңізге кім жауап береді?

Менімен ұзақ жылдар бойы жақын құрбыларым жұмыс істейді. Ол украиндық стилисттер және Luvi дизайнерлері. Жақында олар «Евровидение-2024» қыздарды киіндірді (Alyona Alyona және Jerry Heil — баспа ескер.). Олар бейнебаяндар және сахналық шығулар үшін менің барлық образдарымды құрастырады.

Қазір үлкен әлемдік жұлдыздар концерттік фильмдер шығарады. Соңғылары: Тейлор Свифт, Бейонсе. Сіз сондай бір нәрсе істегеңіз келмейді ме?

Осы жылы біз менің музыкалық мансабымның 20-жылдығын тойлаймыз және соған орай біздің жанкүйерлеріміз үшін деректі кино түсірудеміз. Ал мерейтойлық турне қазір жүріп жатыр. Қаңтарда Австралияны, Американы және Жаңа Зеландяны өтіп шықтық. Әрі қарай жоспар бойынша Еуропа. Жақын арадағы концерттер 14 және 16 маусымда Прага және Венада өтеді. Бұл мүлдем жаңа бағдарлама, мен 15 жыл бойы орындамаған, мансабымның ең басында ғана орындаған хит әндер де бар. Біз сондай мегамикс жасадық, жаңа перформанстар дайындадық. Биші қыздар бір ай бойы залда 8 сағаттап дайындық жасады. Олардың аяқтары қажалған, оларға тіпті ештене керек емес және демалыс туралы ғана сұрайды. Мен синхрондық, үйлесімділік жағынан өте талапшылмын; мен үшін мінсіз сурет өте маңызды. Сөзге келгенде, әлемдік турды біз келесі жылдың ақпанында Қазақстанда — Алматыда және Астанада аяқтаймыз.

Ал концерттік күнделік жүргізесіз бе? Кейінірек фильмде айту үшін кейбір оқиғаларды жазасыз ба/еске аласыз ба?

Мен телефонға ескертпелер жасаймын. Кейде күні бойғы сезімдерімді, эмоцияларымды жазып аламын. Жоспарлар құрамын, жасалғандарды белгілеймін… Бірақ бұл ескертпелерді ешқашан оқымаймын. Бірнеше жыл өткен соң оқимын деп ойлаймын.

Кімнің концертіне соңғы рет бардыңыз?

The Weeknd және Måneskin. Ол осы жылы Лос-Анджелесте болды. Қазір Джастин Тимберлейк пен Адельдің концерттеріне баруды жоспарлап отырмын. Өте қызық!

Жанкүйер ретінде кімнің концертін ең қатты көргіңіз келеді?

Ондай армандардың бірі орындалды — мен Джордж Майклдың ән шырқауын көрдім. Бірақ, өкінішке орай, Майкл Джексонның концертіне бара алмадым.

Светлана Лободамен сұхбат

Сізге қазақстандық орындаушылардан кім ұнайды?

Сөзсіз, Скриптонит.

Сіз таныссыз ба?

Әлі жоқ.

Онымен дуэт жазғыңыз келеді ма?

Мен бірге бір творчестволық байланыс туындайтын адаммен дуэт жазғым келеді.

Сіздің әндеріңіз — бұл сіздің өмірбаяныңыз ба?

Негізінен, иә.

Сіз оларды өзіңіз жазасыз ба?

Белгілі бір тақырыптарға маған өлеңдер жазатын авторлар бар. Сосын мен оған өзімнің түзетулерімді енгіземін, белгілі бір сөз тіркестерін, өлең немесе қайырма тақырыптарын енгіземін.

Басқа адамға не сезінетіндігін және жан дүниенді қалай түсіндіруге болады? Бұл әрқашан жеке ғой.

Бұл адаммен ұзақ уақыт сөйлесу керек. Ол сені жақсы тануы және түсінуі қажет. Менің авторларым менімен он жылдан ұзақ жұмыс істейді. Сол уақыт ішінде олар маған не ұнайтынын түсінді. Менде сондай тәжірибе бар: мен жанға жақын сөз орамдарын естимін және оларды лезде оларға жіберемін, болашақта оларды жұмыста қолдану үшін. Олар оны бәрін жазып алады, сосын мәтіндерге қосады.

Бір кезде сіз өзіңіздің бейнебаяндарыңызды өзіңіз режиссерлік жасай бастадыңыз. Неге оған келдіңіз?

Режиссер жоқ болғандықтан. Қажетті адамдар болмады. Жаратушыға сурет жасау үшін әдетте көп уақыт керек. Ал менде барлығы көбінесе импульсивті түрде жасалады — басымда бір идея пайда болса, мен оны сол мезетте жүзеге асырғым келеді. Оған өоса өзімнің бейнебаяндарым мен концерттерімді мен 10 жыл болды өзім монтаждаймын және өзімнің барлық құпияларымды жақсы білемін. Ал қазір сценарий жазуды және оларды жүзеге асыра бастадым. Ол мен үшін айтарлықтай оңай, хобби сияқты.

Светлана Лободамен сұхбат

Маған досың кім екенін айт, сонда сен кім екеніңді айтам. Сіздің ең жақын құрбыңыз/досыңыз кім?

Менің әпкем және менің анам. Тағы Bicholla, грузин, онымен өте көп жылдар бойы доспыз. Біз жақсы доспыз.

Ал қыздарыңыз — құрбыларыңыз?

Хм… Бізде анасы — қызы қарым-қатынас көбінесе. Алайда мен олар үшін құрбы болуға тырысамын. Менің үлкен қызым қазір тинейджер жасында, және оның достары тек мектепте ғана. Ал ана — ол ана. Ана қатал, оған қай кезде ұйықтау керектігін, қанша кітап оқуын және тағы сол сияқтыны айтады. Сол себепті мені дос ретінде қиын қабылдайды. Оған оны «өмірді үйреткенді» ұнатпайды. Мен оған 18-ге толмағанша мені тыңдау керек деп жауап беремін. Бәлкім, жасы келгенде достық қарым-қатынасқа өсер. Ал қазір әлі ана лауазымын ғана атқарамын.

Светлана Лободаның отбасылық дәстүрі.

Жексенбі сайын, мен үйде болғанда, анаммен шіркеуге баруға тырысамыз және оған балаларды үйретеміз. Сосын Пасхаға міндетті түрде бірге жиналамыз.

Өзіңізге демалуға мүмкіндікті қаншалықты жиі бересіз? Жұмыссыз, уайымсыз.

Әдетте ол қаңтарда болады, жарты айдай уақыт. Қосымша мен балалармен, өзімнің отбасыммен демалысқа бір ай уақыт аламын. Біз теңіз жаққа кетеміз. Бірақ мен 10 күнге ғана шыдаймын. Ал сосын мен өзімді немен айналыссам, басқа энергия қалай алсам деп іздей бастаймын.

Адам басқа елге тұруға көшкенде, ол өзін жалғыздыққа жазады. Сіз өзіңізді Ригада жалғыз сезінесіз ба?

Мен оны екі жыл бойы қатты сезінгем. Өте қатты стресс және өзінің өміріңмен әрі қарай не істеріңді білмейтіндей сезімде болдым. Сосын мен өзімді таптым. Өзімді отбасымда, балаларымда тапттым. Мен адамдарға керек екенімді түсіндім; өзімді әрі қарай жетілдіру керектігін түсіндім. Маған алдыға қарай жылжу керек, жаңа жолдар іздеу керек. Менің ойымша, адам әрқашан алдыға қарай қозғалу керек. Сен өзіңді бір нәрсемен баулысан, миын әрқашан жұмыста болса, сен стресске түспейсін және жамандық туралы әрқашан ойламайсын. Ал демалған кезде басыңа әртүрлі ақымақ ойлар келеді.

Сіз ресми түрде тұрмыста болдыңыз ба?

Жоқ. Мен құжат бойынша ешқашан тұрмыста болған жоқпын. Мен тек азаматтық қарым-қатынаста болдым. .

Ал сіз ешқашан «жұбайы» деген ресми статусты алғыңыз келмеді ма? Ол сіз үшін ештеңе білдірмейді ма?

Жоқ, әзірше қандай да бір қажеттілік болатындай мүлдем сезбеймін. Егер, айтарлық, бір сәтте мен мереке мен ақ көйлек керектігін түсінсем, онда өзім үшін оны өте тез жүзеге асырамын.

Әрбір әртісте бір дилема бар. Біреулер оларға қиын болғанда, басқалары — бақытты немесе ғашық болғанда шығарма шығарады. Сізде қалай? Сізге шығармашылық стимулды не береді?

Мен тек маған жақсы болған кезде, өзімді қанатты сезінгенде шығарма шығарамын. Ішімде ұшу қалпы болғанда. Сол кезде ғана мен жұмыс жасай аламын. Маған қиын болғанда, мен ештеңе істей алмаймын.

Қазір қандай жағдай?

Екі жылғы жағдайға қарағанда мен қазір жақсы сезімдемін.

Светлана Лободамен сұхбат

Мен білемін, сіздің жаңа әніңіз «Молодая» деп аталады. Бұл жас тақырыбындағы рефлексия ма?

Бұл ән өзінде көп махаббатты сезінетін және одан тербеліп жүрген адам туралы. Оның жасы маңызды емес, бірақ ол өзін 18-жасар сияқты жас сезінеді.

Сіздің дәл қазір жасыңызға деген қатынасыңыз. Дағдарыс ойлар болады ма?

Менде әлі өзімнің жасыммен қарым-қатынасым күшті. Менің ойымша, қазір жақсы жастамын! Өзімді осы жаста өте жақсы көремін. Әрі қарай қалай болатынын — білмеймін, көреміз. Адам жалғыз болмағанша, ол сабырмен қартая алады деп ойлаймын. Сенің айналаңда көп махаббат болса, және сені қолдайтын адамдар болса, ол тіпті қорқынышты емес. Егер сен бұл есеюді жалғыз өтсең — бұл қиын. Әсіресе әртістерге, актрисаларға. Шығармашылық кәсіптің адамдарына.

Сіз туралы не жазатынын оқисыз ба?

Қазір жоқ. Бұрын оқитынмын.

Бұл «қалың беттіліктің» кепілі неде? Хейтерлердің өкпелерін қабылдамауға қалай үйрендіңіз? Бұл белгілі бір өзіне деген сенімділік пе? Немесе «желінің арғы жағындағы» адам өте бақытсыз деген сенімділік пе?

Бұл тәжірибе. Менде иммунитет қалыптасты. Мен оған өзім келдім. Бір сәтте менің рефлексиям — бұл уақытты және жүйкенді бос кетіру екенін түсіндім. Сен барлығы үшін жақсы адам болып тырысқанша, сен ештеңеге жетпейсін. Ал сен бір нәрсеге қол жеткізгенде — сен сол сәтте біреулерге ұнамай қаласын. Сен бұл өмірде көп жетістіктерге жеткен сайын, жан-жағындағылар сені одан сайын жей бастайды. Сол себепті қорғану керек және сен үшін болатын, сенімен бір қан болатын адамдардың ортасында болу керек. Бұл сенің командан, сүйікті отбасың, сүйікті адамын. Сен жай ғана алдыға қарай қозғаласын, себебі бұл өмірде сен ешкімге ештеңе қарыз емессін. Тек өзіне және өзінің отбасыңа.