Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Канндағы Мерил Стриппен сұхбат

Аңызға айналған американдық актриса Мерил Стрип Канн кинофестивалінің қызыл кілеміне соңғы рет аяқ басқан уақыттан бері 35 жыл өтті. 2024 жылы ол 77-ші шығарылымның құрметті қонағы ғана болмай, сондай-ақ, құрметті «Алтын пальма бұтағына» ие болды

21 мая 2024

MC KZ биылғы Канн кинофестивалінде Сізді құрметті «Алтын пальма бұтағымен» марапаттады. Осындай тану қандай сезім тудырады?

МЕРИЛ СТРИП Мен шексіз ризамын және қуаныштымын. Каннда суретшілер, шеберлер, кинематографистер халықаралық қауымдастығынан сыйлық алу киноиндустрияда әрдайым үлкен жетістік. Бұрын осы наградаға ие болғандармен бір қатарда тұру, менде қысылыс күй мен шектен тыс толқу тудырады. Фестиваль ашылуы кезінде мен әртүрлі эмоцияларды бастан кештім: қуану және машаттану, мұң және ностальгия, алғыс. Сахнада менің картиналарымның үзінділерінен видеоны және үлкен экранда 20, 30, 40 және 50 жасымдағы өзімді көргенде маған көз жасымды ұстау қиынға соқты. Алайда көрермендердің көз жастарын көру жанға ыстық батты. Мен соншалықты махаббатты сезіндім! Мен Грета Гервигті жюридің қазіргі президенті ретінде көргеніме қуаныштымын. «Кішкентай әйелдер» фильміндегі біздің ынтымақтастық мен үшін жағымды тәжірибе болды. Оның киноға деген, оның драматургиясына, мазмұндауына махаббаты және кейіпкерлерді нәзік түсінуі оны керемет режиссер және индустрияның көшбасшысы етеді.

Канндағы Мерил Стриппен сұхбат
Источник:
imageBROKER.com GmbH & Co. KG

Сіздің көпжылдық қызмет жолыңызда сізді 21 рет «Оскарға» номинацияларға ұсынды. Үш рет сіз оның иесі де болдыңыз. Сіз төрт марапаты бар Кэтрин Хепберннің рекордын асып түскініз келеді ма?

Шын айтсам, мен өзімнің рөлдерімді таңдағанда марапаттар туралы аз ойлаймын. Әрине, марапаттар — үлкен құрмет, және де менің жұмысым осылай жоғары бағаланғаны мен үшін үлкен сәттілік. Алайда мен үшін ең маңыздысы — сүйікті ісіммен айналысу және көрермендерді қуанту. Және егер маған Кэтрин Хепберннің деңгейіне жету сәті болса — бұл өте тамаша, бірақ маған ол басты емес.

Сіздің рөлдеріңіз әртүрлілігімен таң қалдырады. Қалайша сізге осында түрлі пландардағы актриса болып қалу мүмкін?

Өз өзіме сынақ тастап, бір амплуада қалып қоймау үшін мен әрқашан әртүрлі рөлдерді таңдауға тырыстым. «Темір ледиде» Маргарет Тэтчер мен «Орманға әрі қарайда» мыстанды ойнау — өте түрлі тәжірибе, және ол маған актриса ретінде өсуге көмектеседі. Ал экранда мен жарты ғасыр болғандықтан, өзім жалығып, басқаларды да зеріктіріп жібермес үшін өте қатты әрекет жасау керек.

Канндағы Мерил Стриппен сұхбат
Источник:
Gerald Matzka

Сіздің үлкен экрандағы жарып шығу сәтіңіз 1978 жылы «Бұғы аулаушы» фильмімен болды, онда сіз Роберт Де Ниромен түстіңіз…

Бұл менің өмірімдегі тамаша, өте қызықты сәт болды. Бұл рөл үшін барлық өз репликаларымды өзім жазғам. Кейіпкерге көбірек нюанстар мен тереңдікті бергім келді. Ол кездері актрисаларға сценариге өз ұсыныстарын беріп, өзгерту оңай болмайтын, бірақ бұл өте маңызды болды. Мен өзімді көрсеткім келді және актриса ретінде өзімнің тәуелсіздігімді білдіргім келді. Мен әйелдердің хикаялары барлық шындығымен және қиындығымен айтылуға лайық деп әрқашан сенетінмін. Мен тура солай Дастин Хоффманмен «Крамер Крамерге қарсы» суретінде жұмыс істеген кезімде жасадым. Менің кейіпкерім еркек рөлі үшін жай фон ретінде ғана болмасын деп, мен маңызды монологты қайта жаздым. Бүгінгі күні әйелдер — жұлдыздар болды, ал менің қызмет бастаған кезде барлығы басқаша болды. Ол кезде барлығы супер жұлдыздар — еркектердің айналасында болды. Әйелдер қосалқы рөлдерді ойнады. Фильмдер құрастырушылардың проекциясы болды, ал оны еркектер құрастыратын. Бұл дегеніміз, кино олардың тілектерін, ұмтылыстарын және перспективаларын көрсететін. Сол кезде мен бірінші рет менің кейіпкерім еркектердікімен тең құқылы екенін «Шайтан прада киеді» суретінде Миранданы ойнағанда сезіндім. Бәлкім, Мирандада еркектік мінез болғандықтан болар. Жалпы, кино мен үшін — біріншіден ғашап. Мен өмір бойы осы ғажап әлемде, оны жасауға көмектесе отырып, өмір сүрдім.

Сізді «Шайтан прада киедідегі» Миранда немесе «Мамма Миядағы» Донна сиқты күтпеген кейіпкерлерді сомдауға не қызықтырды?

Сәнді журналдың ашулы редакторын ойнау керемет көңілді болды, ал Доннаның рөлі өзімнің музыкалды талантымды көрсетуге тәнті болды. Білесізбе, мен әрдайым әнші болуды қалайтынмын. Және бұл рөл менің мүмкіндігім болды. Бірақ, кез-келген рөл хикаяны айтудың өзінің еркеше әдісін және аудиториямен байланысты орнатуды ұсынады. Мен рөл таңдаған кезде менде барлық аспектілердегі адам тәжірибесін зерттеуге талпыныс туады. Сондай-ақ, мен үшін режиссер не айтқысы келіп тұрғанында сенімді болғаны маңызды. Жасым ұлғайған сайын маған созылмалы түрде уақыт жетіспейтіндігін мойындауға ұяламын. Ол тым тез зымырайды. Өзімнің уақытымның үлкен бөлігін мен бұрынғыдай отбасыма және күнделікті істеріме арнаймын. Ал енді мен егде жасқа келгенде осы индустрияда мен барлығымен жұмыс істеп көрдім деп мақтанышпен айта аламын. Және мен егер олардың фильмдерін көрмесем де, олар қандай режиссерлер екенін білмейтіндей болмаймын. Бұл американдық киноиндустрияға толықтай қатысты. Ал, мысалы, француз киносына келетін болсақ, бұл жерде менде көп алшақтық бар. Сол үшін кеше мен кеш жаттым, себебі Квентин Дюпьенің «Екінші акт» фильмін көру үшін кинода қалдым.

Канндағы Мерил Стриппен сұхбат

Сіздің балалық шағыңыз және отбасыңыз мамандықты таңдауға қалай әсер еткенін айтып беріңізші?

Мен кітаптар, театр және өнер бағаланатын отбасында өстім. Менің ата-анам кішкентай кезімнен маған мәдениетке деген сүйіспеншілікті оятты. Әкем фармацевтикалық компанияда менеджер болды, ал анам — үй шаруасында, бірақ суретші болатын. Шығармашылық күнделікті өмірдің бөлігі болды, бұл менің актриса болу таңдауыма сөзсіз әсер етті. Менің ата-анам, кейіннен менің өз отбасым мені әрдайым қолдайтын, сол үшін менің оларға алғысым шексіз. Менің күйеуім (Дон Гаммер) — мүсінші, және біздің балаларымыз да шығармашылық мамандықтарды таңдады. Үлкен ұлым Генри — музыкант, Мэри және Грейс — актрисалар, ал кіші қызым Луиза модель бизнесін таңдады. Біз шығармашылық ортада өмір сүреміз, және бұл бір-бірімізді қолдауға көмектеседі.

Көп жыл бұрын сіз Лос-Анджелесте тұрдыңыз, алайда кенеттен Нью-Йоркке қайтып келдіңіз. Нелітен сіз «Армандар фабрикасын» қалдыруды шештіңіз?

Лос-Анджелес — тамаша қала, бірақ мен үшін емес. Мен көрші супермаркетке бару үшін ғана сәнденіп, өзімді қалыпқа келтіргім келмейді. Шындығын айтсам, Голливудтың мәдениеті маған тіпті ұнамайды, әсіресе әйелдерге қатысты саясаты ұнамайды. Нью-Йорк — бұл менің үйім, бұл жерде мен өзімді ыңғайлы сезінем және ешбір қысымсыз және қажетсіз у-шусыз жұмысқа назар аудара аламын.

Канндағы Мерил Стриппен сұхбат
Источник:
imageBROKER.com GmbH & Co. KG

Бір сұхбатыңызда сіз мектеп кезінде өзіңіздің бет-әлпетіңіз үшін қатты уайымдағаныңызды айтып кеткенсіз…

Мен мектепте оқығанда өзімді сұлумын деп сезінген жоқпын, бұл мені өз-өзімді көрсету үшін басқа әдістерді іздеуге мәжбүрледі. Мен театралдық қойылымдарға қатыса бастадым, сахнада өзімді көрсеттім. Бұл жас тәжірибе бет-әлпетіме қарап қалмай, кейіпкерлер мен ойынға назар аударуды үйретті.

Осы ұстанымның арқасында мен бүгінгі күнгі актриса болдым. Алайда, менің қызметімде мен сұлу емес екенімді еске салған сәттер болған. Мысалы, мен Дино Де Лаурентисті кездестіргенде. Мен оның ұлымен таныс болғам, ол менің театралды талантымның жанкүйері болған. Ол мені әкесіне таныстырмақ болды, сол кезде ол «Кинг Конгтағы» рөлге актриса іздеген. Мен оның Манхеттендегі кең офисіне келгенім есімде, ол маған қарады да, баласына бет бұрып «Қандай қорқынышты!» деді. Ол мен түсінбейді деп ойлап, оны итальян тілінде айтты. Мен оған сол тілде жауап бердім, мен оның көңілін қалдырғаным өкінішті, әсіресе алып маймыл туралы фильмдегі рөл туралы сөз болғанда. Сол кезде мен әрқашан өзім үшін тұра алатынымды түсіндім.

Сіздің актерлік мамандыққа жолыңыз жеңіл болмады. Біріншіден сізге оқып, жұмыс істеу керек болды, сосын балаларды өсіру керек. Барлығына қалай үлгердіңіз?

Йель драма мектебіндегі оқу қиын болды, онымен қоса күн көру үшін маған даяшы және хатшы болып жұмыс істеуге тура келді. Бір күні мен амплуамды ауыстырып, заңгер болсам ба деген ой келді. Қуанышыма орай, заң факультетіне жазу болған күнді өткізіп алдым, сол үшін актерлік мектепте қалдым. Бұл жақсылыққа болды, себебі көп ұзамай менде Роберт Де Ниро және Джон Казале сияқты актерлермен жұмыс істеуге мүмкіндік туды.

Канндағы Мерил Стриппен сұхбат
Источник:
imageBROKER.com GmbH & Co. KG

Өзіңіздің қызметіңізді жалғастырып, құмарлықпен рөлдерді ойнауға сізді не шабыттандырады?

Мен әрқашан өз ісімді жақсы көрдім. Актерлік мен үшін — хикаяларды айтуға, адамдардың жүректерін тебірентуге және эмоцияларын шақыруға мүмкіндік. Мені қызықты сценарийлер, талантты әріптестер және де, менің фильмдеріме келетін көрермендер шабыттандырады. Әдетте, түсірілімге келісер алдында мен өзіме көп түрлі және қиын сұрақтар қоямын. Менің рөлім әлемге әрі қарай қозғалуға көмектеседі ма? Басқалардың азабын жеңілдетеді ма әлде қиындатады ма? Көрермендер үшін фильм улы болады ма әлде дұрыс әсер қалдырады ма? Көп жағдайда мен рөлді борыш сезімі үшін таңдаймын, өйткені актерлік жұмыс — үлкен артықшылық, менде мені ести алатын артықшылық бар. Бүгін біз көп кемшіліктер бар әлемде өмір сүреміз, бірақ біз оны өзгерту үшін ештеңе істемейміз. Біздің қолымыздан бар келетіні — бір біріміздің көзімізге қарап, барлығы керемет деп алдану. Мысалы, әлемде үлкен көлемде ақша айналады, ал біз жол салу, балаларға білім беру және мұқтаждарды емдеу үшін оларды қайдан аламыз деп таң қаламыз. Қоғам керемет прогресске жетті және сонымен қатар біздің көбімізге өмірлік қажетті заттар қол жетімсіз: тамақ, баспана және дәрі-дәрмек. Менің ойнап, онымен әлеммен бөлісуге мүмкіндігім бар болғанша, мен бұл істі жалғастырам.