Ninety One тобының бұрынғы мүшесі және Ерке Есмаханның бұрынғы сүйіктісі AZ лақап атымен танымал рэпер Азамат Зенков Алматыда сот алдында жауап берді. Әнші жанжал кезінде адамды ұрғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды Astana арнасы.
Іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, «денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбекке қабілеттілігінің шамалы тұрақты жоғалуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша қаралыа, Зенкаев өз кінәсін мойындаған.
Алдымен оған айыппұл немесе қамауға алу жазасы тағайындалған. Алайда жәбірленуші азаматты кешіруге шешім қабылдап, нәтижесінде іс тараптардың келісімімен жабылды.
A.Z Ninety One тобының құрамында 2015-2020 жылдар аралығында болды. Араға екі жыл салып, оның топқа қайта оралғысы келетіні жайлы әріптестер жазды. Алайда, топ мүшелері Азаматты кері қабылдамаған. Олардың айтуынша, «Азамат бэнд тобында қала берсе, бэнд осы күнге дейін топтың әлдеқашан тарау ықтималдығы болар еді». A.Z-дың топтан кету себебі де белгісіз — әріптестері оның өз еркімен кетті деп түсіндірген болатын.