Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақша BLACKPINK? Ерболат Беделхан жаңа T'OI қыздар тобын таныстырды

T'OI тобының алғашқы дебюттік бейнебаяны жақында жарыққа шығады. Көпшілік жаңа girls band-ты BLACKPINK-пен салыстыруда

13 сентября 2023

Екі жыл бойы шығармашылық үзіліс жасаған ORDA тобының мүшесі, Ninety One тобының продюсері бірден екі жобамен қайта оралды. Оның бірі — көпшілікті дүрліктірген және жылдар бойы күттірген, мүлдем жаңа қыздар тобы. Атауы — T'OI, бірақ продюсердің айтуынша, той мәдениетіне еш қатысы жоқ. Қыздардың алғашқы әні де дайын TILDESU деп аталады және жақында бейнеклиппен бірге жарыққа шығады.

Бір күн бұрын Juz Entertainment парақшасында клиптің тизері пайда болды. Алайда, Ерболат Беделханның бұл топ жайлы жариялағанына бірнеше жыл өтті. Қазақ шоу-бизнесіне q-pop жанрын әкелген продюсер осыдан бақандай алты жыл бұрын қыздар тобына кастинг жариялаған-ды..

Тизермен бірге girls band-тың мемберлері де таныстырылды. Көпшілік оларды әйгілі BLACKPINK-пен салыстыруда. Қыздардың әзірге тек TikTok парақшасы бар.

Қазақша BLACKPINK? Ерболат Беделхан жаңа T'OI қыздар тобын таныстырды

Тағы бір айта кететін жайт — топ мүшелері қазақ тілінде ән салғанмен, тіл білмейді. Бірақ продюсерлері алдағы уақытта үйренуге шарт қойған.