Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Әнші Садраддиннің алғашқы жеке концерті қалай өтті?

Әншінің алғашқы кешіне 12 мыңдай адам жиналған

12 сентября 2023

Жастардың арасында кеңінен танымал әнші Садраддин қазақ эстрадасында өзіндік орнын алып үлгерді. 18 жасында жарқ етіп шыққан музыканттың репертуары лирикаға толы әндермен ерекшеленеді. Әндердің авторы да — өзі. Екі жылдың ішінде «Алия», «18 лет», «Не себеп?», «Ана», «Дама» атты тректері хитқа айналып үлгерді. Ал жақында шыққан «Айға қарап» атты әні — әлеуметтік желілерде ең жиі қолданылатын тректер тізіміне енген. YouTube желісінде бір айдың ішінде 12 миллион қаралым жинаған.

20 жасар әнші өткен сенбіде алғаш рет жеке концертін өткізді. «Алматы арена» мұз сарайында өткен концерттің ерекшелігі — жанды дауыста және толықтай симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. 2 сағаттай тек жалғыз өзі жанды дауыста 21 ән орындап шықты. Ал симфониялық оркестр кешке ерекше эстетика сыйлады. Зал лық толы. Бас-аяғы — 12 мың адам жинаған. Билеттер бірнеше-ақ күннің ішінде сатылып кеткен. Тыңдармандарымен қоса, өнердегі достары, блогерлер қолдап келген.

Әндері танымал болса да, Садраддин SOLD OUT болғанына соңына дейін сенбегенін айтады. 20 жасар жігіттің мұнша халықты жинағаны, шыны керек, көпшілікті де таңқалдырды.

Садраддин өзінің өнердегі жетістіктеріне анасы да көп үлес қосқанын айтып келеді. Алғашқы кешінде де анасына жеке бейнеролик арнап, алғысын білдірді, ән арнап, көпшіліктің көңілін босатты.

Дебюттік концертке дайындық та тыңғылықты өткені байқалады, ұйымдастырылуы да жоғары деңгейде. Кеште болған Marie Claire Kazahstan редакторлары әншінің костюмдерін әзірлеген стилистің де еңбегін атап өтіп, оң баға береді.

Әнші Садраддиннің алғашқы жеке концерті қалай өтті?