Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Amre + Жанар Дұғалова = жаңа жұп🔥

«Ойлай берсін ұят деп көрген жандар»

19 октября 2023

Жанар Дұғалова мен әнші Amre атты лақап атымен танымал Ернар Садырбаевтың орындауындағы «Болды» атты әніне су жаңа бейнеклип ұсынды. Жаңа клипте Жанар Дұғалова өзінің жанкүйерлерін батыл әрі жаңа образымен таң қалдырды.

Жаңадан жарық көрген «Болды» әні, әрине, махаббат, сезім, қызғаныш жайында. Екі мықты вокалистің бірлескен жұмысының нәтижесі, расын айту керек, от.

Amre + Жанар Дұғалова = жаңа жұп🔥

Бұл әннің сөзі мен музыкасын Жанардың өзі жазған, бірақ клип Ернар Садырбаев YouTube арнасында жарияланған. Бұл бейне мен музыкалық шығарма үш күннің ішінде 90 мыңнан астам қаралым жинап, екі өнер иесінің де жанкүйерлерін таң қалдырды.

Комментаторлар бұл дуэт екі мықты вокал мен ерекше стильдердің, сондай-ақ екі әртістің мәнерлі харизмасы мен энергиясының үйлесімін бейнелейтінін атап көрсетеді. Сонымен қатар, осындай көңілді әндерге саусап қалғандарын да жеткізеді.

Amre + Жанар Дұғалова = жаңа жұп🔥

Оған қоса, Жанар да, Amre де Қазақстанның құрметті ән орындаушылары екенін және көптеген халықаралық байқауларға қатысқанын атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетсек, белгілі әнші жақында ғана Жанар Дұғалова Алматыдағы фестиваль кезінде өзінің аяғы ауыр екенін «үнсіз» жариялады. Сондықтан бейнеклип қашан түсірілгені әзірге белгісіз.