Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Жанар Дұғалова жүкті екенін «хабарлады». Видео

Мерекелік концертте елдің алдына шыққан әнші көпшілікті таңғалдырды

31 августа 2023

TikTik желісінде әнші Жанар Дұғалованың Алматыдағы Республика сарайының алдында ән айтқан видеосы тарады. Видеода Жанар Дұғалованың жүкті екенін байқауға болады. Соған қарамастан, белсенді билеп жүрген әнші көпшілікті таңғалдырды. Желі қолданушылары Жанардың жаңалығына қуанып, секіріп билегеніне алаңдаушылық танытуда.

Источник:
@enlikbektyrganova

Жанар Дұғалова — «Кеш YOU» тобының бұрынғы мүшесі, «Türkvizyon-2014» байқауының жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Әнші осы жылдың көктемінде өнердегі әріптесі Мәдина Сәдуақасованың қолынан ұзатылды. Мәдина Сәдуақасовадан басқа тойда көптеген эстрада жұлдыздары болды. Той Астана қаласында өткен. БАҚ-тың хабарлауынша, күйеу жігіт — Ілияс есімді жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер.

Осыған дейін Ерке мен Raim-ның ата-ана болатындарын хабарлаған болатынбыз.