Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Студенттік қалалар рейтингі. Алматы мен Астана қай орында?

Quacquarelli Symonds QS Best Student Cities 2024 рейтингін жариялады. Биыл тізімге бар-жоғы әлемнің 160 қаласы кірген. Ең үздік қала — Лондон. Ал Қазақстанның бас қалалары қай орында?

21 августа 2023

Quacquarelli Symonds компаниясы атаулы рейтингті биыл 11-ші рет жариялап отыр. Биылғы тізімдегі қалалар саны 20 қалаға артық.

Үздік қалалар рейтингіне ену үшін бірнеше шарт бар — қала тұрғынарының саны 250 000-нан асуы және қаладағы ЖОО саны екіден кем болмауы қажет. Ары қарайғы шарттар тікелей университеттерге байланысты. Яғни, рейтинг алты санат бойынша жасақталған: QS World Universities Rankings 2024 университеттер рейтингінің қатысушысы болу, сұраныс, студенттердің құрамы, қаржылық қолжетімді болуы, жұмыс берушілердің қызығушылығы, білім алушылардың пікірі.

Сонымен, QS Best Student Cities 2024 тізімінде көшбасшы қала — Лондон. Алғашқы ондықтың ішіне Токио, Сеул, Мельбурн, Мюнхен, Париж, Сидней, Берлин, Цюрих және Бостон кірген.

Студенттік қалалар рейтингі. Алматы мен Астана қай орында?
Лондон

Көшбасшы ондықтың ішіне өткен жылы енген Эдинбург қаласы биыл 16-шы орынға тұрақтаған. Мюнхен қаласы былтыр екінші орын алса, биыл төртінші орынға төмендеген. Ал Қазақстан қалаларына келсек, ел жастары арман қуып келетін әсем қала Алматы — 81, ал еліміздің бас қаласы одан 40 сатыға төмен — 121 орынға іліккен.

Студенттік қалалар рейтингі. Алматы мен Астана қай орында?
Астана
Источник:
@dots_foto

QS есебінде Алматының қолайлы ауа-райы мен әдемі табиғаты атап өтілген. Ал елордамыздың статусына сай, жастарға беретін мүмкіндіктерін атап көрсеткен.

Дегенмен, нәтижелері көңіл көншітпейтін қалалар да бар. Өткен жылы екінші орын алған Мюнхен үш сатыға төмендесе, бұған дейін алғашқы ондыққа кірген Эдинбург қазір 16-орында.

Алматы мен Астана қалаларында оқудың артықшылықтарына да тоқталып өткен. Алматы әсем табиғаты мен өмір сүруге қолайлы болса, Астана ел астанасы болғандықтан жеке даму үшін көп мүмкіндіктер болатынын атап өткен.