Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақ тілді мультфильм француз кинофестивалінде жеңіске жетті

Бұл жеңіс — қазақ анимациясын дамыту жолындағы және оның халықаралық әлеуетін растау үшін маңызды қадам

9 августа 2023

«Tasqyn» жас анимациялық студиясы түсірген «Серіктес» қысқаметражды анимациялық фильмі Францияның Курсел-сюр-Мер қаласында 5 тамызда өткен Animated Expressions Expo фестивалінде жеңіске жетті.

Қазақ тілді мультфильм француз кинофестивалінде жеңіске жетті
Источник:
анимациядан үзінді

«Серіктес» – жоғалған алқаны іздеу үстіндегі екі детектив туралы қызықты оқиға. Кейіпкерлердің біреуінің жақсы иіс сезу қабілеті бар, бұл оларға дәлелдерді табуға және қылмысты ашуға көмектеседі. Фильм көрерменді жарқын анимациясымен, тартымды сюжетімен баурап алады.

Қазақ тілді мультфильм француз кинофестивалінде жеңіске жетті
Источник:
анимациядан үзінді

Серіктестің «Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша жеңіске жетуі — «Тасқын» студиясы үшін алғашқы жеңіс.

Қазақ тілді мультфильм француз кинофестивалінде жеңіске жетті
Источник:
анимациядан үзінді

2022 жылы құрылған «Тасқын» студиясы өз жұмысын Қазақстанның мәдени мұрасына арнап, тек қазақ аудиториясының ғана емес, барлық ұлт пен жастағы адамдардың назарын аударып келеді. Құрамы — кілең жастар. Олардың фильмдері көрерменнің көңілін көтеріп қана қоймай, Қазақстанның қайталанбас мәдениеті мен салт-дәстүріне қанықтыра отырып, олардың ой- өрісін кеңейтеді.

Қазақ тілді мультфильм француз кинофестивалінде жеңіске жетті
Источник:
«Тасқын»

«Тасқын» студиясын халықаралық жеңісімен құттықтаймыз және суретшілер тобынан жаңа шығармашылық туындылар күтеміз. Бұл қазақ анимациясын дамыту жолындағы және оның халықаралық әлеуетін растау үшін маңызды қадам.

Осыған дейін біз Асхат Кучинчирековтың «Бауырына сәлу» дебюттік фильмінің Сан-Себастьяндағы жетістігі туралы жаздық.