Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Айсұлтан Сеитовтың фильмі Қытайлық көрерменге жол тартты

Сондай-ақ, режиссер қызық мәліметпен бөлісті

16 июня 2023


Айсұлтан Сеитовтың фильмі Қытайда экранға жол тартты.

Қытайлық көрермендер қазақстандық режиссердің кинокартинасын үлкен ықыласпен тамашалауда деп толық сеніммен айтуға болады, себебі кинотеатр залдарында толық sold out.

Осыған дейін біз режиссердің Шанхайға конкурсқа аттанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Айсұлтан «ҚАШ» фильміне байланысты мынадай қызық мәліметпен бөлісті. Түсірілім барысында 128 күн жолда болып, 10 ел, 22 қала аралап, 4 шоу өткізіп, 1000 адаммен танысқан екен.

Естеріңізге сала кетейік, «Қаш» фильмінің 2022 жылы қазақстандық көрерменге жол тартқан болатын. Ол қазір дүниежүзілік прокатқа жіберілді. Картина 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық жылдарын екі ағайындының өмірі арқылы баяндайды.