Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Байқоңыр мектептерінде қазақ тілін қайта оқытатын болады

Байқоңыр 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілген. Онда ресейлік білім беру стандарты бойынша оқытатын 7 мектеп бар

8 ноября 2023

Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының уағдаластығына сәйкес Байқоңыр қаласының барлық орта мектептерінде оқытыла бастайды. Бұл туралы қаланың білім бөлімінде хабарлады.

«Қазіргі уақытта бұл пәндер Янгель атындағы №7 мектепте енгізілген. Оқыту 5, 6, 8 және 9 сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Алдағы уақытта бұл оқу пәндері Байқоңырдың қалған ресейлік мектептерінде де пайда болады», — сектор меңгерушісі. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Байқоңыр мектептерінде қазақ тілін қайта оқытатын болады
Источник:
Eibner

Телеарнаның мәліметінше, қазір Байқоңырда Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік мерекелері тойланады, ал екіжақты келісімдегі өзгерістер кешен орналасқан Қызылорда облысының оқушыларына ғарыш айлағына экскурсиямен баруға мүмкіндік береді.

2021 жылы «Байқоңыр» кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы РФ Білім министрлігіне Қазақстанның білім министрлігімен бірлесіп қазақ тілін, Қазақстан тарихы мен әдебиетін Байқоңыр орта мектептерінің бағдарламасына енгізу мәселесін қарауды тапсырды. Қазақстандық білім беру стандарттары бойынша Байқоңырдың бес мектебі, ресейлік стандарттар бойынша — жетеуі жұмыс істейді.

Ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласын қамтитын Байқоңыр кешені 1994 жылы 28 наурызда қол қойылған Келісім және 1994 жылғы 10 желтоқсандағы жалдау шарты бойынша Ресейге 20 жылға жалға берілді. 2004 жылы жалдау 2050 жылға дейін ұзартылды. Жылдық жалдау ақысы 115 миллион долларды құрайды