Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Сәлем, Алиса»! Дыбысты көмекші жақында қазақша сөйлейтін болады

Виртуалды дауыстың қазақша нұсқасы қашан іске қосылатынын айтамыз

7 сентября 2023

«Алиса» виртуалды ассистенті жақын арада қазақ тілінде сөйлесу мүмкіндігіне ие болады. Astana TV ақпараты бойынша, Яндекс іздеу және жарнамалық технологиялар бизнес-тобының директоры Дмитрий Масюк ағымдағы жылдың соңына дейін дауыстық көмекші Яндекс мобильді қосымшасында және браузерде қолжетімді болатынын растады.

«Сәлем, Алиса»! Дыбысты көмекші жақында қазақша сөйлейтін болады

Алдымен «Алиса» Яндекстің мобильді қосымшасында, сондай-ақ компьютерлер мен смартфондардағы Яндекс браузерінде қазақ тіліндегі командаларды қабылдайды және оларға жауап береді. Бұған дейін Яндекс Қазақстанда іздеуді, Яндекс Go-ны іске қосып, Яндекс карталары мен навигаторды қазақ тілінде аударған болатын.

Айда кету керек, биылғы жаңа заңнама бойынша, әлеуметтік желіліер мен онлайн платформаларда қазақ тілі қатар жүру керек. Бірінші болып қазақ тілін енгізген желі — Telegram.

Осыған дейін біз IPhone камерасына 3D суреттер мен видео түсіру мүмкіндігі болатынын хабарладық.