Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақ қызы Альбина Жақан өзінің шығарылым топтамасын Лондонда көрсетті

Дизайнер Albina Zhakan сән индустриясының ең беделді оқу орны — Central Saint Martins-тің 2024 жылғы бітірушілері қатарына енді

31 мая 2024

Мамырдың соңында Әулие Мартин атындағы өнер және дизайн Орталық колледжінің (Central Saint Martins College of Art and Design) студенттері өздерінің шығарылым топтамаларын әдеттегідей көрсетті. Бұл сән индустриясындағы ең беделді оқу орны. Өткен жылдардың «оқушылар» тізімін көру жеткілікті. Central Saint Martins-ті атақты дизайнерлер Алеңқсандр Маккуин, Джон Гальяно, Стелла Маккартни, Фиби Файло, Джпмбаттиста Валли, Рикардо Тиши және тағы басқалар бітірген.

Қазақ қызы Альбина Жақан өзінің шығарылым топтамасын Лондонда көрсетті

2024 жылғы «Әйелдер киімінің дизайні» бағыты бойынша бітірушілердің қатарына қазақстандық Альбина Жақан/Albina Zhakan кірді. Студенттің шығарылым топтамасы Aruaq деген атау алды, оны дизайнер «қиын қоғамдық баяндауларға және мәдени иерархияларға жеке саяхаты» деп сипаттайды. Альбина қолданған барлық маталар — «қымбат емес күнделікті тұрмыстағы маталар, оны әрбіреуі Қазақстанның нарығында сатып алуға мүмкіндігі бар». Әрбір моделде — қазақ мәдени мұраны және Орта Азияның байлығын құрметтеу. Біз танымал мозайкаға ұқсас кейбір кеңес заманының мотивтерін бағаладық.

+1

Жақанның жұмыстарындағы ұлттық тематика және дәстүрлі мотивтер көп жағдайда ата-бабаларының тамырлары мен мұрасына жүгінетін қазақстандық дизайнерлердің жалпы «көңіл-күйіне» өте жақын.

Marie Claire Kazakhstan редакциясы Альбинаға пікірін сұрау үшін хабарласты.