Венециядағы әлемдік киноға арналған айтулы кинофестивальмен қатар тағы бір жақсы жаңалық. Әлемдік кино жақын арада талантты қазақстандық режиссермен таныс болады. Деректі фильм бағытында жұмыс істейтін соңғы туындысы беделді RAM фестиваліне шақырту алған.
RAM кинофестивалі 1990 жылдан бері өнер, мәдениет және археологиялық зерттеулерді байланыстырушы көпір рөлін атқарып келеді. Фестивальді Италияның Трентино аймағындағы Роверето азаматтық мұражайы қоры ұйымдастырған, мақсаты — әлемдік мұраны сақтау мен байытудың маңыздылығын жеткізу.
Жыл сайын фестиваль ұлттық және тарихи, мәдени мұраларға арналған ең өзекті және әсерлі деректі фильмдерді топтастырады.
Биылғы жылы айтулы шараға Иван Рясков өзінің жаңа туындысы — «Шырдақ» фильмінің тұсаукесерімен аттанады. Шығармада режиссер мәдени идентификацияның жоғалуын, жаһандану процестерінің кіші этностарға әсерін, сондай-ақ Орталық Азия халықтарының материалдық емес мәдени мұрасының сақталуына байланысты өзекті мәселелерді баяндайды. Фильм Қырғызстанның ең әдемі пейзаждарында түсірілген.
RAM фестивалінде тек бір фильммен шектелгісі келмейтінін жеткізеді. Қазақстандық режиссер кезекті жобасын жоспарлап отыр және ол Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі әлеуметтік жауапкершілігі төмен отбасылардан шыққан балаларды оқытуға бағытталған. Алайда, жаңа жобаны іске асыру үшін және RAM фестиваліне ұсыну үшін Иванға 1500 еуроны шамалайтын қаражат қажет. Сондықтан өзінің арманын жүзеге асыру және әлемдік кино өнері мен мәдени мұрасына үлес қосуды жалғастыру үшін инвестор іздейтінін айтады.
