Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңісін тойлауда

Әйелдер құрамасының соңғы бес жылдағы алғашқы жеңісі

27 сентября 2023
Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңісін тойлауда
Источник:
@kff_women

Қыркүйек соңына қарай қазақстандық спортшылар жетістіктерімен қуантуды жалғастыруда.

Футболдан Қазақстан құрамасы бес жыл ішінде ресми ойындарда алғашқы рет жеткен жеңісін тойлатуда. Біздің топ УЕФА Ұлттар лигасында Армения құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңісін тойлауда
Әселхан Тұрлыбекова
Источник:
@kff_women

Гол авторлары — Әселхан Тұрлыбекова мен Арайлым Орынбасарова. Ойынның 27-ші және 57-ші минуттарында футболшылар екі гол соқты.

Ал армян құрамасы тарапынан 54-ші минутта гол салып, Вероника Асатрян ерекшеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бес жыл ішінде ресми ойындарда алғашқы рет жеңіске жетті. Топ баптаушысы — Мадияр Кембілов.

Ұлттық құрама бұдан алдын 2018 жылдың 12 маусымында жәнк 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчында Босния Герцеговина құрамаларын жеңген еді (2:0).