Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Рыбакина неліктен Токиодағы турнирдан бас тартты?

«Биыл Токиодағы турнирден бас тартуға мәжбүр болғаным өкінішті. Мен бұл турнирге қатысқым келіп еді», — дейі Рыбакина

25 сентября 2023

WTA Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны алдағы Токио турнирында екінші айналымға өткізген жоқ. Яғни, Рыбакина WTA шешіміне сәйкес, турнир шеңберінде алғашқы раундтан бастап қатысуға міндетті. Алайда, екінші айналымға Греция спортшысы Мария Саккари мен француз теннисшісі Каролин Гарсия автоматты түрде өткен. Бұл шешім 24 қыркүйек күні қабылданды.

Ал кеше, яғни, 25 қыркүйекте Елена Рыбакина бұл шешімге наразылығын білдірді.

Рыбакина неліктен Токиодағы турнирдан бас тартты?
Источник:
Legion Media

«Соңғы сәтте ережелерді өзгерткеніңіз үшін рахмет. Тамаша шешім, WTA, әдеттегідей…», — деп жазады Қазақстанның ең озық теннисшісі.

Екі елдің теннисшілері екінші раундқа өтіп, Рыбакинаның өтпегені қалай? Себебі WTA-ның Performance bye деп аталатын ережесінде. Оның мақсаты — үздік теннисшілердің алдыңғы турнирлерде алыс кезеңдерге өтсе, турнирден шықпауы үшін торды осындай өзгерту мүмкіндігінің болуы.

Бүгін Рыбакина Токиодағы турнирге қатысудан бас тартты. Өзі түсіндіргендей, бұл оның денсаулығымен байланысты.

«Биыл Токиодағы турнирден бас тартуға мәжбүр болғаным өкінішті. Мен бұл турнирге қатысқым келіп еді, маған бұл қала өте ұнайды. Алайда, мен өз денсаулығыма көңіл бөлуім керек және өзіме 100 пайыз келуім керек», — деп түсіндірді теннисші өзі өз шешімін.