Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Жеңісімді құрбыма арнаймын». Әбиба Әбужақынова Азияданың күміс жүлдегері атанды

Дзюдошы қыз жеңісін жақын құрбысына арнады

25 сентября 2023

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Осылайша ел қоржынына Азиаданың алғашқы медалі түсті.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

«Жеңісімді құрбыма арнаймын». Әбиба Әбужақынова Азияданың күміс жүлдегері атанды
Источник:
әлеуметтік желі

Бірінші жекпе-жекте ол Чен-Хао Линді (Тайпей) жеңді. Ал жартылай финалда Наранцецег Ганбаатарданды (Моңғолия) ұтты. Финалда Әбиба Әбужақынова жапондық Натсуми Тсунодомен кездесіп, есе жіберді.

Жарыс аяқталған соң, ол жеңісін өзінің жақында қаза тапқан құрбысына арнайтынын айтып, көзіне жас алды.

Айта кетейік, Жазғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Спорттық додаға 45 елден 15 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль үшін күреседі.

Осыған дейін біз көзі тірі кезінде өзіне мүсін тұрғызылатын алғашқы волейболшы әйел жайлы жаздық.