Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Әлем чемпионатына аттанатын Қазақстанның әйелдер құрамы белгілі болды

«Билли Джин Кинг-2023» Кубогының финалы 7-12 қараша аралығында Испанияның Севилья қаласында өтеді

11 октября 2023

Теннистен «Билли Джин Кинг кубогы» Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның әйелдер ұлттық командасының ресми құрамы жасақталды.

Бас бапкер Ярослава Шведова өз таңдауын жасап, команданың келесі құрамын жариялады: WTA жеке рейтингінде 5-ші орында тұрған Елена Рыбакина; WTA жеке рейтингінде 68-ші орында тұрған Юлия Путинцева; WTA жұптық рейтингінде 32-ші орында тұрған Анна Данилина; 154-ші орында тұрған Жібек Құламбаева WTA жұптық рейтингінде; және WTA жеке рейтингінде 743-ші орында тұрған Аружан Сағандықова. Құрам Қазақстан теннис федерациясы сайтынды жарияланды.

Әлем чемпионатына аттанатын Қазақстанның әйелдер құрамы белгілі болды
Источник:

ҚТФ

Қазақстан құрамасы Словения Мен Австралия командаларымен жарысатын чемпионаттың «В» тобына бөлінді. Айта кету керек, Австралия командасы — өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері және әлем чемпионы атағының жеті дүркін иегерлері.

«Билли Джин Кинг-2023» Кубогының финалы 7-12 қараша аралығында Испанияның Севилья қаласында өтеді. Бұл беделді турнирге 11 команда қатысады, соның ішінде Швейцария — 2022 жылғы Кубогының жеңімпазы, сонымен қатар Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Словения, Германия елдері және уайлд-кардқа ие болған Польша мемлекеті.