21 қазанда Алматыда Red Bull SoundClash қызықты музыкалық жарысы аясында Қазақстанның ең танымал екі тобы кездесті: «Ирина Кайратовна» және Ninety One. Бір-біріне ұқсамайтын екі бағыттағы ең мықты boys band.
Қазір Еуропада гастрольдің турын бастап кеткен ИК тобы осы баттл үшін Лондоннан Алматыға арнайы ұшып келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтулы музыкалық шайқасқа дайындық бірнеше айға созылған.
Red Bull SoundClash — бұл әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін қызықты музыкалық шайқас форматы. Онда екі көрнекті жергілікті орындаушы музыкалық шайқасқа шығып, төрт раундта өнер көрсетеді, ал соңғы раундта жұмбақ қонақпен бірге екі ән орындайды. Осы тұста ИК тобы жұмбақ қонақ ретінде соңғы кездері ел арасында «аңыз әнші» атанып кеткен Қайрат Нұртаспен дуэт орындады. Көпшілік күтпеген мұндай жұлдызды дуэт жанкүйерлерді таңқалдырғаны анық. Кеше ғана Red Bull SoundClash сахнасында тұсауы кесілген су жаңа әннің аты — «Түн». Әзірге желіде пайда болған жоқ. Асыға күтеміз!
Ал Ninety One тобы өздерінің бұрынғы продюселері, Қазақстанда q-pop жанрының негізіг салушы — Ерболат Беделханмен «Қайтадан» хитін орындады.
Эпикалық музыкалық шайқастың нәтижесінде Red Bull SoundClash қазақстандық нұсқасында Ninety One тобы көрермендердің құрметіне ие болып, жеңіске жетті.