Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Димаш Құдайберген Сербияның құрметті сыйлығына ие болды

Сербия халқы қазақстандық бірегей виртуоздың өнеріне тәнті

4 декабря 2023

Әйгілі виртуоз Димаш Құдайберген Сербиядағы беделді «ағайынды Карич қоры» сыйлығына ие болды. Салтанатты рәсім Белград ұлттық театрында өтті.

Қордың Директорлар кеңесінің мәліметінше, Димаштың музыкада классика мен қазіргі заманды тоғыстыра білетін бірегей қабілеті Қазақстанда теңдесі жоқ мәдениет өкіліне айналдырды.

Димаш Құдайберген Сербияның құрметті сыйлығына ие болды
Источник:

соцсети

Табиғатына тән ізетіне сай , Димаш өзінің алғыс сөзінде достық пен өзара дамуды қолдаудағы халықаралық жобалардың рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, кеште бірнеше композицияны, соның ішінде «Самалтау» қазақ халық әнін және Игорь Крутойдың «Mademoiselle Hyde"шығармасын орындады.