Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеухановтың үйлену тойы осы жаздың ең айтулы оқиғалардың бірі болды. Той қарсаңында көпшіліктің талқысына түскен алдымен екі жастың некелесуі, кейіннен 60 миллиондық қалыңдық сыйлығы (махр), құны 7 миллиондық сырға, той алдындағы қалыңдық кеші, ал соңғысы — үйлену тойының өзі. Әлеуметтік желілер мен жалпы медиа кеңістік Әсел мен Мағжанның тойы. Сонымен, той қалай өтті?
Қалыңдық өзінің үйлену тойына дайындық барысы жайлы желіде белсенді бөлісіп отырды. Үлкен той Алматы қонақ үйлерінің бірінің ашық террасасында Luxury Bali Style стилінде өткені белгілі. Бұл стильдің де таңдалуы тегін емес. Екі жас Балида табысқан. Тойдағы декорациялар қар іспеттес ақ түсте жасалған.
Әсел мен Мағжан бір-біріне әсерлі ант беріп, «әрқашан бірге боламыз» деп уәделесті. Күйеу жігіттің сөздерінен кейін кеш қонақтарының көзіне жас алды.
«Мен сені қорғауға, сен үшін тірек болуға ант етемін. Мен сені қуантуға, бақытыңның себебі болуға ант етемін. Ең жақсы күйеу, балаларымыздың әкесі болуға ант етемін. Мен әрқашан сенің жаныңда болуға ант етемін. Мен сені қатты жақсы көремін. Мен сені кездестіргеніме қуаныштымын», — деп уәде берді күйеу жігіт қалыңдыққа.
«Балаларымның әкесі тек сен болғаныңды қалаймын. Мен әрқашан сенімен бірге болғым келеді… Мен сені қатты жақсы көремін», — деді қалыңдық.
Әсел Сәдуақасова үйлену тойының киімі ретінде ұзын жамылғысы бар тіке бюстье көйлегін таңдаған. Қалыңдықтың букеті екі нұсқада болды: біріншісі — қызғылт пиондардан, екіншісі — қар іспеттес ақ қоспадан жиналды.
Жұлдызды тойда Қазақстан эстрадасының жұлдыздарымен қатар түрлі салалардың, соның ішінде отандық fashion саласының белгілі тұлғалары болды.
Айта кетейік, күйеу жігіт Мағжан Тілеуханов, маркетолог және блогер Арман Юсуповпен бірқатар жобалардың негізін қалаушы.