«Алиса» виртуалды ассистенті жақын арада қазақ тілінде сөйлесу мүмкіндігіне ие болады. Astana TV ақпараты бойынша, Яндекс іздеу және жарнамалық технологиялар бизнес-тобының директоры Дмитрий Масюк ағымдағы жылдың соңына дейін дауыстық көмекші Яндекс мобильді қосымшасында және браузерде қолжетімді болатынын растады.
Алдымен «Алиса» Яндекстің мобильді қосымшасында, сондай-ақ компьютерлер мен смартфондардағы Яндекс браузерінде қазақ тіліндегі командаларды қабылдайды және оларға жауап береді. Бұған дейін Яндекс Қазақстанда іздеуді, Яндекс Go-ны іске қосып, Яндекс карталары мен навигаторды қазақ тілінде аударған болатын.
Айда кету керек, биылғы жаңа заңнама бойынша, әлеуметтік желіліер мен онлайн платформаларда қазақ тілі қатар жүру керек. Бірінші болып қазақ тілін енгізген желі — Telegram.