Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Олимпиада-2024 қатысушысы Муджинга Камбунджимен сұхбат

Уақыттың маңыздылығы және Париждағы келер Олимпиаданың спринт жұлдызымен амбициялар туралы, сондай-ақ Hublot сағат брендінің амбассадоры — Муджинга Камбуджимен әңгіме

31 мая 2024

Муджинга Камбунджи

• 2022 жылғы үй-жайдағы 60 метрге қашықтыққа жүгіруден әлем чемпионы

• 2022 жылғы 200 метрге қашықтыққа жүгіруден Еуропа чемпионы

• 2012, 2016 және 2020 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

«Magic Gold» сөз тіркесі Швейцария құрамасының қатысушысы үшін келер Олимпиада-2024 қос киелі мағыналарды білдіреді. Бір жағынан, талантты спринтер, шілдеде Парижде мансабындағы басты алтынды жеңіп шығу үшін барлығын жасауға дайындалуда. Екінші жағынан — өз амбицияларын және қызығушылықтар саласын тек спортпен шектемейді. 2021 жылы Муджинга Hublot сағат брендімен ынтымақтаса бастады, ал оның білегінде патенттелген «өлмейтін» алтыннан жасалған модель жарқырауда. Ұлы брендтің қазіргі тарихы және жеңісі басталған швейцарлықтармен құрастырылған сол баяғы Magic Gold материалынан жасалған сағат.

Олимпиада-2024 қатысушысы Муджинга Камбунджимен сұхбат

Муджинга Камбунджи, Рикардо Гваделупемен, СЕО Hublot, Watches&Wonders көрмесінде

Париждегі Олимпиада ойындарына сіз қалай дайындалудасыз, айтып бересізба? Сіз өзіңіздің күн тәртібіңізге, жаттығу процессіне жаңада бір нәрсе қостыңыз ба?

Менің жаттығу пррцессім плюс-минус әрқашан бір қалыпты. Мен күделікті барлық жасап жүргенімді күштірек жасауға тырысамын. Жыл сайын маусым аяқталғанда мен не жақсы болғанын, нені жақсартуға болатынын, ал нені сол қалпында қалдыру керектігін барлығын талдаймын. Ең маңыздысы, дәл қазіргі уақытта көп жұмыс жасау керектігі ол — жүгіру техникасы.

Сіз үй-жайдағы жүгіруден әлем чемпионысыз, алайда Олимпиадада ашық жерде жүгіру керек. Айырмашылығы неде? Жеке сіз үшін ол нені өзгертеді?

Айырсашылық сол қашықтықтың өзінде. Мен 60 метр жүгіруден жақсы нәтиже көрсетемін. Маған осы қашықтық ұнайды, және ол тек үй-жайда ғана бар. Ол соншалықты қысқа, сондықтан қателесуге құқығыңыз жоқ. Алайда, екінші жағынан спринттің басты басты түрі 100 метрге жүгіру болып қалуда, — және бұл қашықтық та маған өте ұнайды. Жазды қатты күтемін, бұл қашықтықты әлі де одан да тез жүгіре алатынымды сеземін. Олимпиада — бұл өз мүмкіндіктерінді тексеру. Және мен неге қабілетім бар екенін білгім келеді.

Олимпиада-2024 қатысушысы Муджинга Камбунджимен сұхбат
Источник:
Beautiful Sports

Сіз үшін Hublot-пен ынтымақтастықта ең қызығы, таң қалдыратыны не?

Әрине, әдему сағаттар! Мен бұл серіктестіктен үлкен ләззат аламын. Олар қызықтв іс-шаралар өткізеді, спортқа көп көңіл бөледі. Hublot арқасында мен әртүрлі ықпалды және бірегей тұлғалармен таныстым. Сонымен қатар, мен швейцарлық Ньонда Hublot фабрикасын араладым. Бұл керемет қызықты тәжірибе! Әдетте біз жай ғана сағатты көреміз, бірақ оның артында қаншалықты үлкен және тұтас еңбек тұрғанын сезінбейміз.

Сонымен Hublot фабрикасында сізді ең қатты таң қалдырған не?

Hublot түрлі материалдармен жұмыс жасайтындықтары. Әсіресе маған Magic Gold материалы әсер қалдырды, ол кез келген соққы мен сызауыттарға төзімді. Бұл ғажап! Бұл идея — қарапайым затпен жұмыс жасап, нәтижесінде күрделі зат алуымыз маған ұнайды! Бұл мен өзім айналысатынға ұқсас. Сенің әрбір қозғалысын, әрбір детальін одан да күштірек болғанын жасау. Мүлтіксіздікке әрдайым ұмытылу — дәл осы мені Hublot-пен жақындастырады.

Олимпиада-2024 қатысушысы Муджинга Камбунджимен сұхбат

Алтын туралы әңгімеге келсек. Сіз әрқашан алтын марапатты жеңгенде қандай сезімдесіз?

Оны сипаттау қиын. Кейде жарысты аяқтаған сәтте мен өз-өзіме соншалықты терең кетемін, өзімнің жеңісімді тез ұғына қоймаймын. Сен жасаған барлық үлкен жұмыс, дұрыс болғанын білу — таңқаларлық сезім. Сен басқаларды озып шығу үшін барлығын керек сәтте бірге жинай алдын. Және де бұл сезімді басқа сезімдермен салыстыру мүмкін емес. Сен өзіңмен мақтанасын! Сен бақыттысын! Сенде соншалықты адреналин! Мен жеңістен кейін түнімен ұйықтамаймын. Әдетте, толықтай сезіну келесі күннің таңыда ғана келеді, сен оянып, түсінесін: «Ваааау!». Сенде талант пен потенциал бар болса да; сенің ең еңбекқор жаттығуларна қарамастан — кейде бір ұсақ нәрсе дұрыс болмай, сен алтын медель жеңіп шыға алмайсын. Сол себепті жеңіс — ол ризашылық сезімі де. Плюс — бұл команда бірлігінің кейбір сезімі. Бұны сен жалғыз жасамаған фактісі.

Сіздің өміріңіздің үлкен бөлігі — бұл жылдамдық. Жүгіру жолында барлығы соншалықты жылдам өтеді! Сіз бұл жағдай бойынша не сезінесіз? Және баяулау үшін не істейсіз?

Өмірдің жақсы сәттерінде уақыт соншалықты тез өтеді. Сол себепті уақыт байқалмай өткенде, — бұл жақсы белгі. Яғни өмірде бір керемет нәрсе болды. Сондықтан жылдамдық соншалықты жаман емес. Алайда, мен кейде демалыс алуға және қандай жетістіктерге жеткенімді сезінуге тырысамын. Кейде бұл баяулық мен тұғырда тұрғанда және осы сәтті сезіне алатын кезде болады.

Мүмкін сізге спринтерлік дағдыларыңыз күнделікті өмірде кейбір артықшылықтар береді. Мүмкін сіз ешқашан кешікпейсіз?

Әрине! Мен оны қалаймын. (Күледі). Автобустың соңынан жүгірген кезде ғана болмаса. Егер шындығына келетін болсақ, менің кәсібім маған уақытты жақсы сезінуге көмектеседі. Әрбір секунд — ол көп екенін жай ғана сезіну. Көптеген адамдар үшін секундтар түк емес. Бұл көзқарас мені сағат жөндеушілермен мені жақындастырады. Бұл маған кейбір адамдар мүмкін көрмейтін детальдарды көруге көмектеседі. Бұл мені спорт үйреткен заттар — секундтың мыңдаған бір бөлігі нәтижеге әсер етуі мүмкін.

Олимпиада-2024 қатысушысы Муджинга Камбунджимен сұхбат

Жұмысыңыздағы ең есте қалар сәтіңіз?

О, олар өте көп болды. Әрбір марапат ұмытылмас. Ең эмоционалды болған 2019 жылғы әлемдік аренада 200 метрге жүгіруден менің алғашқы медалім. Бұл мен үшін үлкен тосынсый болды! Ал жалпы кейде соншалықты бас айналатындай жарыстар болады (мысалы, жақында Дохадағы), сен толығымен шынайы өмірден ажырайсын. Сен уақытқа толығымен кірген сияқты боласын. Бұл адреналин, физикалық кернеу және толықтай ішкі тыныштықтың жабайы қоспасы. Бұл түрлі эмоциялар, барлығы бірігіп, және бәрі идеалды болады. Музыканттар кейде «ағым» туралы айтады, сен не істеп жатқанынды сезінбейсін, толығымен сәтке берілесін.

Өз бәсекелестеріңмен қалайша тіл табысуға болады?

Менде бәсекелестерімнің арасында менің көп достарым бар. Маңызды старттың алдында, мысалы Еуропа чемпионаты алдында, тіпті жақын құрбыларының арасындағы қарым-қатынас суықтай бастайды. Бұл сәтте біз бәсекелеспіз ғой. Ал мәре сызығын аттағаннан бастап бұрынғы қалыпқа келетін сияқтымыз. Олар сенің жетісітктеріңе қуанады, ал сен — басқалар үшін бақыттысын. Бұл «Мен не болса да сені озып шыққым келеді»-ден бастап «Сен үшін өте қуаныштымын!» дегенге дейін диапазондағы достық.

Олимпиада-2024 қатысушысы Муджинга Камбунджимен сұхбат

Сіз қызықты таныстықтарды айтып өттіңіз. Планетаның ұлы спринтері Усэйн Болт — Hublot брендінің амбасадоры. Сізде брендпен серіктестік шеңберінде онымен кездесуге мүмкіндік болды ма?

Жоқ, өкінішке орай, әлі болған жоқ. Бірақ мен онымен, әрине, жарыстарда, тек спортсмендер тұратын қонақжайларда кездескем. Біз көп сойлескенбіз. Онымен спорттық іс-шаралардан бөлек әңгімелескен қызық болушы еді. Hublot арқасында ондай мүмкіндік болады деп үміттенемін.

Сіз жүгірушілердің отбасында өстіңіз ғой, дұрыс па? Сіздің әпкелеріңіз де спринтерлер. Сіз бір-бірлеріңізбен жарысасыз ба?

Иә, менің үш әпкем бар, олардың бәрі жүгірумен айналысады. Бірақ, үлкені бірнеше жыл болды мансабын аяқтады. Мен бірнеше рет кіші сіңіліммен бір жүгірулерге қатыстық. Ол үшінші болды, мен — екінші. Мен олардан жылдам болғанда да, олар мен үшін өте қуанышты. Жеңіл атлетикада бізде приниципті түрде бәсекелестік жоқ, ал спорттан бөлек — бар. (Күледі.). Біз үйде қандай да болсын үстел ойындарын ойнағанда, ешкім жеңілгісі келмейді.

Олимпиада-2024 қатысушысы Муджинга Камбунджимен сұхбат
Источник:
Bildagentur Monn

Жарақаттармен қалай күресесіз?

Кейде ол өлерліктей ауыр болуы мүмкін. Былтыр менде қиын жарақат болды, қазірдің өзінде мен одан әлі қалқа келіп жатырмын. Сен жай ғана жүгіргін келеді, жай ғана жарысқа шыққын келеді, ал бір нәрсе саған жаттығуға, жарысқа қатысуға, саған ұнайтын затпен айналысуға бөгет жасайды. Бұл кошмар! Бірақ бұл кезде менің ойымша, проблема туралы ойлай бермей, не істей алатынға шоғырлану керек. Қиын болса да, баств мақсатқа қарай қозғала беру керек. Мысалы, алдынғы жылы жарақатқа бола мен өзімнің бірінші жарысыма шыға алмадым, бұл мен үшін өте қайғылы болды. Бірақ ол кезде менің басты мақсатым әлем чемпионаты болды. Сол себепті мен соған назар аудардым.

Сен жасаған істе қалайша жетістікке жетуге болады?

Сенің құмарлығын болатындай істі табу керек. Сонда сен сол істе үздік болу үшін мотивацияланасын; әрдайым жетіліп, кейбір адамдар оны ұсақ нәрсе деп есептейтін детальдармен жұмыс жасайсын. Ешқандай табыс формуласы жоқ. Еуропа және әлем чемпионы болу үшін көмектесетін ешқандай бір ғана әдіс жоқ. Олар миллион! Әрбір спортсмен дара, барлық адамдар әртүрлі, барлығы жаттығуларға әртүрлі жауап қайтарады, сол себепті күштірек болатындай бірде бір техника жоқ. Және бұл әрбір мамандықтағы ең қызығы — кемелдікке жету үшін өзіндік әдісіңді табу. Барлық басқалардан толығымен өзгешеленсе де өзінің жеке жолынды ізде. Жай ғана өз ісіңді істе. Және оны өзін үшін жаса. Тренер немесе ата-анаң үшін емес, өзін үшін жаса. Және сен жүгірушісін ба, аспазсын ба — ол маңызды емес. Адамдар қандай болмасын өз құмарын таба алатындығына және онымен бірге өсе алатындықтарына үміттенемін. Бұл мен айналысатын нәрсе.