Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов қазақстандық мектептерде діни киім кию туралы айтты. Мектеп формасын кию стандарттарын ұстану керек, оқушылар мен ата-аналарды алаңдатпау керек, дейді ол.
Парламенттің төменгі палатасының спикері оқу орындарында білім Министрлігі әзірлеген мектеп формасын кию стандарттарын сақтау қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ол Конституцияда әрбір азаматтың дінді таңдауда еркін екендігін де алға тартады.
«Бұл тұрғыда ешқандай шектеулер жоқ. Қазақстан тұрғындары қандай дінді ұстанатынына қарамастан, мешіттерге, шіркеулерге, діни орталықтарға баруға және діни рәсімдерді өткізуге мүмкіндігі бар. Мен мектеп тақырыбын ғана қозғайын. Біз мектепті саяси немесе діни ағымдардың орталығына айналдырмауымыз керек. Бұл — оқу орны. Онда білім беру керек, сондықтан біз балаларды немесе мұғалімдерді басқа сұрақтарға алаңдатпауымыз керек деп ойлаймын», — деді Еран Қошанов.
Бұған дейін бұл мәселе бойынша мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да ойын білдірген болатын. Хиджаб кию туралы шешімді балалар кәмелет жасқа толғаннан кейін қабылдау керектігін айтады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда оқушыларға білім ордаларында хиджаб киюге тыйым салынды.