Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёльді қарсы алу салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және оның оңтүсік кореялық әріптесі бір біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырып, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін белгіледі.
Сапар барысында маңызды білім беру жобалары жарияланды: Қызылордада және Түркістанда корей жоғары оқу орындарының филиалдары пайда болады. Атап айтқанда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен ынтымақтастықта SeoulTech Сеул ғылым және технологиялар университеті өңірде алғашқы жасанды интеллект мектебін ашады. Сондай-ақ, Түркістанда оңтүстік кореялық жеке университетінің кампусын құрылысы жоспарлануда, ол жақта жеке өз оқытушылармен жұмыс жасайды және әлемдік стандарттар бойынша оқу бағдарламаларын қолдайды.
Бұл бастамалар екі мемлекеттің ғылым, технология және білім беру салаларында бірлескен ұмтылыстарын белгілеп, Қазақстандағы студенттер мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.