Интервалды ашығу қазіргі қыз-келіншектер арасында кеңінен таралған. Мамандар мұндай диетаның ағзаны жаңалайтынын растайды, бірақ мұқия болу керектігін де ескертеді.
Сонымен, әсеріне тоқталайық.
Маманның пікірінше, интервалды ашығу денеде аутофагия деп аталатын процесті тудырады — бұл кезде жасуша өз қорларын босатып, жаңарып, ары қарай жұмыс істеуі үшін келесі жасушаны жейді.
«Әдетте бұл процесс „жаман“ жасушалардан басталады, сондықтан да тамақтануда 12 сағаттан астам уақыт үзіліс алу ағзаның өзін-өзі тазартуына ықпал етеді деп айтады».
Интервалды ашығудан туындайтын тағы бір процесс — глюконеогенез, онда сақталған майлар бауырда гликогенге және ақырында глюкозаға дейін ыдырайды, осылайша жасушалар қоректеніп, энергия алады.
Бірінші нұсқадағыдай, бұл процеске де тамақтану арасындағы 12 сағаттан астам үзілістер бұған септігін тигізеді.
Егер интервалды ашығуға шыдамасаңыз, диетолог мамандар 18:00-ден кейін тамақтанбауға кеңес береді. Бұл да өзінше ашығудың бір түрі. Өйткені келесі тамақтануға дейін шамамен 12 сағаттай уақыт кетеді.
«Егер күн тәртібіңіз кешкі асыңызды сағат 18:00-ден кешіктірмей ішуге мүмкіндік бермесе, жатардан 4 сағат алдын тамақтанбауға болады».
Мамандар кез — келген диетаның ең маңызды бір қағидасы — адамға оңай болуы керек екенін түсіндіреді.
Сондай-ақ, егер мұндай диетаны ұстану күнделікті азап әкелсе, олардан бас тартып, салмақты азайтудың басқа нұсқасын таңдаған дұрыстығын алға тартады.