Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Жасанды кірпік жабыстыру табиғи сұлулығыңызды қалай бұзады?

Жиі жіберілетін қателіктер

30 июня 2023

Жасанды кірпік жабыстыру макияжсыз жүруге мүмкіндік беруі мүмкін. Алайда жасандының аты жасанды. Барынша табиғи формаға талпынбасаңыз, сіз күтпеген теріс нәтиже шығуы мүмкін. Мәселен, ауыр кірпіктің әсерінен көзқарасыңыз ауырлап, жасыңызға жас қосады. Сондықтан ұзындық, қалыңдық және кірпің формасын дұрыс таңдаған абзал.  

Алайда көбіне бойжеткендер тым ұзын кірпіктерге құмар. Немесе жапсырылған кірпікшелер ұзақ мерзімгежетуі үшін тым қалың кірпіктерді таңдайды. Ал кейбір арулар жасанды кірпікшелердің көмегімен көздің пішінін өзгерткісі келеді. Абайлап, шамадан аспай жасасаңыз және шеберіңіз тілегіңізді дұрыс түсінсе бұл, әрине, мүмкін. Бірақ көбіне шеберлердің тәжірибесі аз болып шығады. Сондықтан да алдына келген клиентке ең көп таралған жапсыру әдістерін ұсынады.

Солардың бірі — «түлкі көзі». Және бұл әдіс бәріне бірдей келе бермейді.

Кірпіктердің қалыңдығын асыратын бұл сәнді тәсіл көздің сырқы жиегіне ғана орнатылса, әдемі және ұқыпты көрінуі мүмкін. Барынша табиғи ең жіңішке кірпікшелерді таңдау да маңызды. Әйтпесе, көздеріңіз жасанды, көзқарасыңыз жансыз, қуыршақтың көзіндей көрінуі көрінуі мүмкін. Айнаға қарағанда, көңіліңіз толмайтыны анық.

Барынша жиі, бірақ қысқарақ.

Әрине, тым «тығыз» орнатылған кірпіктер ұзақ уақыт жүруге мүмкіндік береді. Алайда, кірпіктердің мұндай кейпі табиғи көрінеді деп айтуға мүлдем келмейді. Ал эстетика туралы мұндай жағдайда айтуға мүлдем келмейді.  

5D, 6D?!

Сізге әлі де 6D кірпік жапсыру ұнай ма? Бұл театр сахнасына шығу үшін әртістерге қолданылатын әдіс туралы мүлдем ұмытатын кез келгелі қашан! Одан бөлек, тек тематикалық фотосессиялар үшін жарамды болуы мүмкін. Ал басқа жағдайларда тіптен келмейді. Өзіңізге ұнайтын кез-келген Голливудтық сұлуға қараңыз. Оның кейпінен мұндай оғаш кірпік жапсыру тәсілдерін ешқашан байқамайсыз.

Барынша табиғи әдіспен кірпік жапсыру дегеніміз аздап қана қайрылған кірпіктерді таңдау. Тек кей жағдайларда көз ерекшеліктеріне қарап қолданылатын арнайы түрлері де бар. Мәселен, Азиялық типтегі көздің қиығын визуалды түзету немесе аша түсу. Сондықтан стандартты әдістерден басқалары арнайы қарастырылуы керек.  Егер сіз көздің түріне сәйкес келмейтін тым жасанды қайрылған кірпіктерді таңдасаңыз немесе кірпіктеріңізді тым қалыңдатсаңыз, әдемі нәтиженің орнына сіз жоғарыдағы суреттегідей ұсқынсыздау нәтижеге ие боласыз.