Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Баян Мақсатқызы әйелдерді бақытты болуға үйретеді

Отандық продюсер өзін жаңа қырынан танытпақ

12 сентября 2023

Егер сіз күйбең тірліктен демалғыңыз келсе және сентименталдылық ноталарымен араласқан жайбарақат әзілден ләззат алғыңыз келсе, сондай-ақ экрандағы кейіпкерлерден өзіңізді тапқыңыз келсе, онда «Түпсана және жасыл нәски» («тұлғалық өсу тренингі») фильмін көру мүмкіндігін өтккізіп алмаңыз. Бұл — бұрын сериалдар жасауға маманданған Clover Street Production студиясы үшін үлкен дебют. Камераның артында «Көйлекпен туылған» және «Ауылдан қашу» сияқты фильмдермен танымал режиссер Санжар Омаров.

Баян Мақсатқызы әйелдерді бақытты болуға үйретеді

«Өміріңізді өзгерту үшін не беруге дайынсыз?» Фильм осы сұраққа жауап іздейді. Басты кейіпкер Дариғаның күнделікті өмірі күйбең мәселелерге толы. Алайда, бір сәтте бәрі өзгереді. Дариға кездейсоқ танымал жаттықтырушы Эльмира өткізетін отбасылық қатынас және тұлғалық даму бойынша тренингке тап болады.

Оның отбасы мүшелері бұл әрекетке күмәнмен қарайды, бірақ Дариға өзінің қызықсыз өмірін өзгертуге бел буады. Басты рөлді талантты актриса Ақсүйрік Абайқызы, ал коуч Эльмираның рөлін Баян Мақсатқызы сомдап шыққан.

Жаңа комедия 14 қыркүйектен бастап қазақстандық кинопрокатта.

Баян Мақсатқызы әйелдерді бақытты болуға үйретеді