Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

2023 жылы Алматыға 199 мың турист келген. Қай елдерден?

Келген қонақтар алматылықтардың қонақжайлылығына ерекше тәнті

24 августа 2023

Алматы жоғары мәдениет, сапалы қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Бұл — туристерді тартудың негізгі кілті. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Алматыға 199 мың шетелдік қонақ табан тірепті. Олар көбіне Ресей, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Түркия, Германия елдерінен келген. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

2023 жылы Алматыға 199 мың турист келген. Қай елдерден?
Источник:
@dots_foto

Еліміздің мәдени астанасы Алматының келбеті соңғы жылдары этно-стильдегі демалыс, тамақтану орындарымен  толықты. Бұған әсіресе, шетелдіктердің қызығушылығы басым. Ұлттық тағамнан бөлек, олар дәстүр мен мәдениетті танытатын интерьер туралы білгісі келеді.

Қала тұрғындарының жиі басқосатын орындарының бірі кинотеатрлар. Соңғы кезде үлкен экрандағы фильмдерге сұраныс басым. Әрі, афишадан талғамыңызға сай фильмді табуға мүмкіндік бар. Қызмет көрсету де жоғары деңгейде, — дейді келушілер.

Алматының артықшылығы — Іле Алатауының баурайында орналасуы. Бұл көрініс қаланың әсемдігін еселейді. Дүние жүзінде тауға жақын қалалар саны 10-нан аспайды екен. Сондықтан бұл жаяу серуендеу, альпинизм және өрмелеу сияқты іс-шаралар мәдениетін дамытуға таптырмас мүмкіндік.

Біз осыған дейін қазақстандық паспорт қаншалықты мықты, осы туралы жаздық.