Өмірде болып жатқан барлығында тек оң сәттерді көре білу қабілеті — пайдалы дағды. Ол күш-жігерді жаттықтырады, стрессті жеңуге және қиындықтарға емес, ал оларды шеше білу қабілетіне шоғырлануға көмектеседі. Ұзақ мерзімді перспективада оң ойлау біздің физикалық және моральдық жағдайымызға жағымды әсер етеді.
Алайда, бір «дегенмен» бар. Ең бастысы бұл істе қаймығып кетпеу керек деп психологтар ескертеді. Иә-иә, позитивпен асыра сілтеп кетуіміз мүмкін, тіпті соншалықты, ол кейде токсикалыққа айналады. Және бұл жағдайда одан сіздің өзіңіз ғана емес, жан жағындағылар да зардап шегеді.
Токсикалық позитив деген не
Сіз рейске кешігіп қалдыңыз дерлік. Қылмыстық ештеңе де жоқ: келесі екі-үш сағаттан соң болады, оған әлі бос орындар бар. Бірақ жағдай бәрі бір ең жағымды емес: сіз асықтыңыз, жүйкеңіз бөлінді, ал енді жаңа билетке шығымдануыңыз керек. Жақын құрбыңызбен уаймыңызбен неге бөліспеске? Ол әрине қолдап, көңілінді көтереді. Оған жазасыз, осылай да осылай деп. Ал ол болса «Өте өкінішті! Нәтижесінде жоспарларын бұзылмағаны жақсы болыпты және сен бүгін ұшып кете аласын» деудің орнына былайша жауап береді: «Сол да сөз болыппа. Билет болғанына шүкір де. Көңіліне алма!».
Бұл токсикалық позитив. Бұл шындықты қабылбамаудың өзіндік бір әдісі, оған өзінің негативті эмоцияларын басу және басқалардың эмоцияларын құнсыздандыру сай келеді.
Қалай көрінеді
Бұл құбылысқа ерекше белгілер мен сөз орамдары тән.
1. Жаман эмоцияларға өмір сүруге рұқсат бермеу — «Жамандық туралы ойлама», «Бұндай пессимист болуды доғар», «Жақсылыққа ғана сену керек».
2. Қиындық көлемін кішірейту — «Барлығы соншалықты жаман емес», «Бұдан да жаман болуы мүмкін еді».
3. Уайымды құнсыздандыру — «Ешкім өлген жоқ қой», «Сенде бәрі жақсы әлі, сен … туралы ойла».
4. Жауапкершіліктен бас тарту — «Жағдай солай болып қалды», «Сондықтан солай керек болды», «Барлығы міндетті түрде шешіледі».
5. Акцент тек оңды сәттерге жасау –»…алайда», «Осының бар болғанына қуан».
Басты кемшіліктер
Токсикалық позитив — өте тайғақ жол. Оның басты кемшіліктері міне.
Өз эмоцияларыңды басып тастау. Мұңаю және уайымдау мүлдем қалыпты жағдай. Ал өзінің жағдайынан ұялу — дұрыс емес. Негативті жинақтап, ол бір күні сыймай, жүйке тозуына немесе психологиялық бұзылуға әкелгенше, бірнеше күн төсекте бет орамалы және ромком компаниясында жатып, әрі қарай рухты көтерген дұрыс.
Айналаңдағылар жағынан түсінбеушілік. Қиын кезеңдерде біз барлығымыз жамандық туралы ұмыт және әрі қарай басыңды жоғары ұстап жүр деген нұсқауларды емес, қолдау мен жаңашырлық іздейміз. Өз өзіңе мұңаюға жол бергізбеу бір іс, басқаларға бермеу — бұл тіпті бөлек нәрсе. Бұл қарым-қатынастың нашарлауына қауіп төндіретін әдепсіздіктің белгісі.
Мәселені шешуден қашу. Егер тек оңды сәттерге көңіл аударатын болсақ және жағымсыз жағдайлардың нағыз себептерін елемесек, олар қайта-қайта қайталана бермек. Негатив сізді бір нәрсеге үйрете алса, одан қашудың қажеті жоқ.
Шындықтан қашу. Өмір тек ақ сызықтардан ғана тұрмайды, қара сызықтар да жайдан жай болмайды. Шынайы әлемнен және оған тиесілі қиындықтардан кету ниеті — рационалды емес тәсіл. Және де ол ең біріншіден сізге зиянын келтіреді. Кім біледі сіз жағымсыз «у-шудан» қоршалып жүргенде сіз қандай да бір пайдалы ақпаратты өткізіп аларсыз?
Мамандар не айтады
Екі жыл бұрын психотерапевт және профильді клиникасын қалаушы Уитни Гудман «Токсикалық позитив» атты кітап шығарды. Онда, аты айтып тұрғандай, маман қарастырылып отырған құбылыс туралы көп қызықты және пайдалы ақпарат айтты. Сондай-ақ, менталды денсаулық үшін тек барлық жақсыларға шоғырлану неліктен қауіпті екенін түсіндірді. Кітаптан бірнеше мәлімдемелерді жинақтадық.
«Токсикалық позитив немқұрайлық пен шын жүректен әңгімелесуден бас тартуды жасырады. Шын мәнінде, адамға айтады: „Сенің сезімін дұрыс емес — оның орнына сен қуаныш сезуін керексін, себебі“. Бұл адамдарға осал жағдайда қажеттіліктің толықтай керісіншесі».
«Шынайы болайық, шағым — бұл эмоционалды тазарудың және адамдар бірігуінің ежелгі формасы, және одан ешқайда кете алмаймыз».
«Кейбір заттар, оларға шағым жасауға тұрарлық болады».
«Сізде мұңаюдың әдісі болмағанда, сіз өмірдегі басымдылықтарды анықтай алмас едіңіз».