Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Романтикалық нумерология: ердің туған күні ол туралы не айта алады

Егер Сіз кездесуге аттансаңыз, онда өзіңіздің серігінізден қай күні туылғанын сұрауды ұмытпаңыз

27 мая 2024

Сіз кездесуге баруға келісім берген ер азамат шындығында қандай екенін алдын ала ешқашан біле алмайсыз. Бұл лотереяда жеңу соншалықты оңай емес, сондықтан алдыңызда тұрған адам сізге сай келетінін түсіну үшін максималды түрде күш салу керек. Айтарлықтай көбі өзінің серігін тану үшін хобби және жұмысы туралы сұрақтар қойып, білуге тырысады. Алайда нумерологтар тек оның туған күндерін білуге, ал сосын оның барлық құпиясын айтатын сандардың мағынасына қарауға кеңес береді.

1, 10, 19, 28

Романтикалық нумерология: ердің туған күні ол туралы не айта алады

Осы күндері туылған ерлер табиғаты бойынша көшбасшы болып келеді. Олардың даралығы және тәуелсіздігі баурап алады, сондықтан олармен бір рет әңгімелескеннен кейін, олардан ажырағын келмейді. Дегенмен бұл еркек жынысының өкілдерінде минустар да болады. Олар өздеріне өте сенімді және беделді, сол себепті ең конструктивті деген сын оларды ашуландыруы мүмкін. Олар басқалардың пікірмен келіспейді және соңына дейін өз көзқарастарын қорғайды.

2, 11, 20, 29

Бұл ерлер ешқашан сіздің көңіліңізді қалдырмайды. Олар әңгімелескенді өте қатты жақсы көреді, сондықтан біздің тізімнің басты коммуникаторлары деген дәрежені алып жүр. Осы күндері туылған адамдар мықты және сенімді қарым-қатынас құруға тырысады. Олармен әрдайым сабырлы және қызықты, бірақ жеткілікті түрде қауіпті де. Статистика бойынша бұндай ерлер өтірік айтуға және екіжүзділікке бейім. Олар маңызды емес ұсақ-түйектерді аса сілтіреп оңай айта салады және жауыздық іс-әрекеттерге қатысуға мүмкіндіктерін жібермейді.

3, 12, 21, 30

Романтикалық нумерология: ердің туған күні ол туралы не айта алады

Бұндай ерлер ешқашан білім алудан шаршамайды және өмір бойы түрлі салаларда өз білімдерін және біліктіліктерін жетілдіруді жалғастырады. Көбі оларды өмірге деген сүйіспеншіліктері мен мақсаттылықтары үшін жақсы көреді және құрметтейді, және де олардың оптимизмдерінен заряд алу үшін мүмкіндіктерін ешқашан жібермейді. Сонымен қатар олардың жағымсыз жақтары да бар. Мысалы, олар бақылауды және үстемдік етуді жақсы көреді, кейде өздерінің диктаторлық қылықтарын көрсетеді. Олар өздерінен біреу асып түссе және білімдірек болғанды қиын қабылдайды.

4, 13, 22, 31

Сентименталды және жүректері осал, бірақ мүлдем тұйық және сыртынан қатал көрінеді — бұл ерлер нағыз жұмбақ. Басында олар әйелдерді өздерінің суықтығымен және немқұрайлығымен шошытуы мүмкін, алайда серіктес оларға ұнаса, онда олар тез арада маскаларын тастап, оларға қамқорлық көрсетеді және барлық назарларын аударады. Бұндай ерлердің басты минустары олардың категориялық түрде қарсы шығулары. Олар өз ережелерін орнатқанды және оларды қатаң түрде сақтауды ұнатады. Одан бөлек, олар өте сенімсіз, алайда өте жақсы дамыған абстарктілі ақылға ие, соның арқасында олар адамдар туралы барлық ақпаратты лезде оқиды.

5, 14, 23

Осы күндері туылған ерлер өте қызыққұмар және жан-жақты. Олар тез бір нәрсеге жанады және тура солай тез қызығушылықтарын жоғалтады. Сол себепті қандай да бір тақырыпта болмасын оларда кең және терең білімдері жоқ, сол сияқты тұрақты жұмыстары да жоқ. Бұндай ер-азаматтар жігерлі, алайда мүлдем тұрақсыз, ол болашақ серік болатын әйелдерді қатты қорқытуы мүмкін. Олар барлығынан хабардар болғандықтан, әрқашан барлық жерге үлгере алады, сонымен қатар сәттен ләззат алуды және өзінің барымен бүкіл әлемді қуантуды ұмытпайды.

6, 15, 24

Романтикалық нумерология: ердің туған күні ол туралы не айта алады

Біздің тізмнің басты гедонистері. Бұл күндері туылған ерлер өздерін жайлылықпен және ыңғайлықпен қоршағанды жақсы көреді. Олар тумасынан эстеттер, әрдайым қарада ақты және сұр түсте түрлі түсті көреді. Олардың энергетикасы баурайды, сондықтан бұл адамдар таныстарының аясында өздерінің шексіз сүйкімділігімен ерекшеленеді. Олар айырықша даналы, сол себепті әрдайым жақындарына көмекке келуге және оларға жақсы кеңес беруге дайын. Көбі бұл ерлерді ең алаңдатарлық жағдайды разрядтай алатын жақсы әзілдері үшін жақсы көреді.

7, 16, 25

Нумерлогияға сүйенсек бұл ерлер ең жоғары руханилардың бірі болып келеді. Оларға өздерінің ішкі әлемін зерттеу және жерден тыс заттарды білу ұнайды. Сондықтан олар өз армандарында жоғалып, шынайы өмірге келгенде өте қатты көңілдері қалады. Бұл ерлер үлкен толқумен дамытатын көптеген таланттарға ие. Соңына келгенде бұндай ерлерге қарым-қатынас мүлде керек жоқ болып шығуы мүмкін, себебі оларға өз-өздерімен өте ыңғайлы.

8, 17, 26

Романтикалық нумерология: ердің туған күні ол туралы не айта алады

Бұл ерлер өмір бойы қойылған мақсаттарға жетуге тырысады. Олар «Өмірде міндетті түрде жасап үлгеру керек» тізімінде түрткі қою үшін күндіз-түні ұйықтамауға дайын. Олардың табандылығы таң қалдырады, ал мейірімді жүректері ешкімді немқұрайлы қалдырмайды. Туа біткен еңбекқор бола тұра олар әрбір бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге тырысады және оны жақындарына жасауға көмектеседі. Кейде олар тітіркендіргіш болып көрінуі мүмкін, алайда бұл ерлер кейде кезігетін күйіп қалудың салдарынан ғана сондай — әрине бұндай ритмде әркет етсе!

9, 18, 27

Бұндай ерлер өте қызба болып келеді, бірақ тез қайтады. Сыртынан олар өте қатал болып көрінгенімен, бірақ олардың іштерінде жұмсақтық пен нәзіктіктің сарқылмас көзі жасырынған. Олармен өмірінді жарқын бояулармен толықтырып, әрқашанда уақыт өткізген қызық. Дегенмен, бұл ер-азаматтар өз жандарын қайсы біреуге аша бермейді. Олар қабылданбаудан және алданудан қорқады, сондықтан олардың сенімділігіне ие болу үшін әйелдер көп күштерін салу керек.