Париж уақыты бойынша сағат он екіге жақын Chanel бренді сенсациялық хабарландыру жасады: креаьивті директор Виржини Виар сүйікті маркасымен қоштасады. Бұл орынды 62 жасар дизайнер соңғы бес жыл басқарды, 2019 жылы ақпанда гуру Карл Лагерфельд қайтыс болғаннан кейін міндеттеріне кірісті. Бірақ басқа сан таң қалдырады: Виржини Виар Chanel-де жалпы алғанда 30 жыл жұмыс істеді! Оны және Лагерфельдті соншалықты тығыз жұмыс қарым-қатынасы байланыстырды, тіпті ол: «Ол — менің оң да, сол да қолым», — деп жариялады. «Chanel сәніне, креативіне және өмірлік күшіне аса көрнекті үлес қосқаны үшін Виржири Виарға алғыс айтқымыз келеді», — деп баспа қызметінде айтылады.
25 маусымда Гранье операсында жоспарланған Haute couture 2024 күз топтамасының көрсетілімі Виар үшін сүйікті брендіндегі соңғысы болады.
Жақын арадағы марканың қаржылық есебіне қарағанда жаңалық күтпеген жерден болды: 2023 жылы компанияның табысы 16% өскен және 20 миллиард доллардан кішігірім жетпес сомманы құрады.
Виардың орнына келетін адамның аты аталған жоқ, ол туралы «компания кейін хабарлайды». WWD басылымның француз инсайдерлері сыбырлауынша индустриядағы ең танымал бос лауазымды қазіргі уақытта Celine жұмыс істейтін Эли Слиман алуы мүмкін. Басқа танымал есім, жеке біздің ойымызға келетін, бұл жақын арада Valentino-дан кеткен Пьерпаоло Пиччоли. «Бос агент» статусында Alexander McQueen-нің бұрынғы креативті директоры Сара Бертон да тұр. Ал егер Джон Гальяно болса ше?